Ангстрем (қысқа таңбасы Å) — микроморфологияда қолданылатын ұзындық өлшемі. 1 Å = 10−10 м = 10−8 см = 0,1 нм. Бұл өлшемді 1868 жылы А.Й. Ангстрем тым ұсақ құрылымдарды өлшеу үшін енгізген. Бұл термин морфология салаларында (цитологияда, гистологияда) электронды микроскопиялық зерттеулерде қолданылады .....
Андрогамондар (андрогамоны); (androgamonum; гр. апеr — еркек; гр. gamonum — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы зат. Сперматозоидтар екі түрлі андрогамондар бөледі. I андрогамондар сперматозидтардың қимылын тоқтатады, ал II андрогамондарды лизин (еріткіш зат) деп атайды. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас , яғни ол жұмыртқа жасушасының сыртқы көпқабатты фолликулалы қабығының фолликулалы жасушалары араларындағы желімдегіш зат — гиалурон .....
Андрогенез (көне грекше: ἀνδρός — еркек; көне грекше: γένεσις — шығу, шығу тегі) — ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына ( овоцит ке) сперматозоид енгеннен кейін, ұрықтанған овоцит тің тек сперматозоидтың ядросымен ғана даму процесі . Бүл процесті "еркек партеногенезі" деп те атайды. Андрогенез көбіне ұрықтануға дейін овоцит ядросының кейбір жағдайларға байланысты ыдырап кетуі нәтижесінде, тек сперматозоид ядросының қатысуымен жүретін процесс . Қар. Гиногенез .....
Андрогенетикалық ұрық (көне грекше: ἀνήρ — еркек; көне грекше: ἀνδρός — шығу, шығу тегі; көне грекше: zygotos — ұрық) — жұмыртқа жасушасы ядросын өлтіріп, оның орнына салынған сперматозоид ядросының басқа сперматозоид ядросымен қосылуы нәтижесінде ұрықтанған, яғни екі сперматозоид ядроларының қосылуы нәтижесінде пайда болған ұрық. Тәжірибе (Б.А. Астауров, В.П. Острякова-Варшавер, 1957 ж.) жібек көбелегі жыныс жасушаларымен жүргізілген. Тәжірибеде андрогенетикалық ұрық қалыпты дамыған .....
Анеуплоидия (көне грекше: ἀν - жоқ + εὖ — жеткілікті + πλόος — бірнеше есе + εἶδος — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары ядроларындағы хромосомалардың қалыпты жиынтығының өзгеруі; соматикалық жасушаларда хромосом саны гаплоидқа тең емес геномдық мутация.[1] Анеуплоидия кезінде жасуша ядросы хромосомаларының қалыпты жиынтығына көп жағдайда 1 хромосома (моносомия) немесе сирек — 2 хромосома (нуллисомия) жетіспеуі, болмаса бір немесе бірнеше хромосомалар артық болуы мүмкін. Анеуплоидия адам мен жануарлардың бірқатар хромосомалық аурулары нәтижесінде өрбиді.
Анимальды полюс (көне грекше: polus animalis; көне грекше: animal — жануар; көне грекше: polus — полюс) мезолецитгі жоне телолецитті жұмыртқа жасушаларының ядролары орналасқан цитоплазмасының жоғарғы полюсі. Жұмыртқа жасушасы ( овоцит ) цитоплазмасының анимальды полюсінде сарыуыз қоры тым аз мөлшерде болуы болмаса тіптен болмауы да мүмкін. .....
Анималькулисттер (көне грекше: апіmalculum - жануар төлі) - "шәуеттегі сперматозоид — жетілген дайын тым кішкентай организм, ұрықтың дамуы - осы тым кішкентай организмнің мөлшері жағынан ғана өсуі" - деп қате түсінікге болған XV1I-XVIII ғасырлардағы биолог-эмбриологтар. Бұлардың түжырымы бойынша жұмыртқа тек дайын организмнің дамуына қолайлы қоректік ортаның қызметін атқарады. Ұрықтың дамуы туралы ертедегі эмбриолог-ғалымдар арасында екі түрлі теория болған. .....
Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы (көне грекше: terminatio nervi annulospiralis; Үлгі:Lang=grc — ұшы + көне грекше: nervus — жүйке + көне грекше: annulus — дөңгелек, шиыршық + көне грекше: spiralis — спираль) — бұлшықет үршығының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы интрафузальды (көне грекше: intra —ішкі, ішінде + көне грекше: fusus — ұршық) ет талшықтарында аяқталатын сезімтал жүйке ұшы. Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы .....