Биология | Аксонема

Аксонема (axonema; гр. axon — білік; гр. nema — жіп) - плазмалық жарғақпен қапталған жасуша кірпікшесінің өзегі. Аксонема сақина тәрізді шеңбер бойымен орналасқан тоғыз жұп микротүтікшелерден (дублеттер) және сақина ортасындағы екі жеке микротүтікшелерден (сингалеттер) құралған .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксоплазма

Аксоплазма (axoplasma; гр. axon — білік, ось; гр. plasma — қалыптасқан) — нейроцит аксонының цитоплазмасы. Аксоплазмада эндоплазмалық тордан туындайтын базофилді (хроматофилді) заттың кесекшелері болмайды, митохондриялар және жүйкелік медиаторларға толған мөлшері әртүрлі көпіршіктер болады. Ал гранулалалы эндоплазмалық тордың, яғни олардын қабырғаларындағы рибосомалардың болмауына байланысты нейроцитгін арнайы протеинінің синтезі жүрмейді. Аксоплазмаға керекті протеиндік масса нейроцит денесінен (перикарионынан) тәулігіне 1 мм жылдамдықпен ағып келіп отырады. Ацетилхолин көпіршіктері мөлдір болып келеді. Олардың мөлшері 30-50 нм. Норадреналин көпіршіктерінде тығыз келген түйіршіктер болады. Олардың мөлшері ірілеу — 50-90 нм-ге тең.....
Рефераттар
Толық

Биология | Аксоқабықша

Аксоқабықша (axolemma; гр. axon — білік; гр. lemma — қабықша) — нейроцит аксоны цитоплазмасының (аксоплазмасының) сыртқы плазмалық жарғағы. Аксоқабықша құрылысы жағынан биологиялық жарғақтарға жатады, яғни ол қалындығы 6-10 нм протеинді-билипидті қабықша .....
Рефераттар
Толық

Биология | Актомиозин

Актомиозин (aktinomyosin; гр. aktis — сәуле, гр. mys — бұлшықет) — ет жасушасы немесе бұлшықет талшығы (симпласт) цитоплазмасындағы актин және миозин миофиламенттерінен құралған жиырылғыш миожіпшелердің (миофибриллалардың) протеинді кешені. Бұлшықет талшығының (ет жасушасының) жиырылу процесі актомиозиннің аденозинтрифосфатпен (АТФ) әрекеттесуі нәтижесінде іс жүзіне асады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Алдыңғы аяқ

Алдыңғы аяқ (қол) қанқасы (skeleton membri thoracici; гр. skeleton — қаңқа, лат. membra — аяқ, лат. thorax — көкірек) — жануарлардың алдыңғы аяқтарының (адамда қолдың) сүйектерінен тұрады. Алдыңғы аяқ (қол) қаңқасы өз кезегінде екі бөлімнен: иық белдеуінің қаңқасы мен еркін қозғалатын бөлім қаңқасынан құралған. Алдыңғы аяқ (қол) иық белдеуінің қаңқасын (skeleton cingulum membri thoracici): құстарда — жауырын (scapula), бұғана (clavicula) және құстұмсықша сүйек (os coracoideum); адамда, маймылдар мен мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда — жауырын мен бүғана; үй жануарларында (түяқты жануарлар мен иттерде) — тек жауырын құрайды. Алдыңғы аяқ (қолдың) еркін қозғалатын бөлімінің қаңқасы (skeleton membri thoracici liberi) — өз кезегінде үш бөліктен: жоғарғы (проксимальды) бөліктен, ортаңғы бөліктен және төменгі (дистальды) бөліктен тұрады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Алкмеон Кротондық

Алкмеон Кротондық (б. д. д. VI ғасырдың сонында, V ғасырдың басында өмір сүрген) — морфологияның, оның ішінде анатомияның ғылым ретінде қалыптасып дамуына және оның грек терминологиясының (атауларының) қалыпгасуына үлкен үлес қосқан көне Грекия ғүламасы. Алкмеон адамзат тарихында бірінші болып ғылыми анатомиянын негізін қалаған ғалым, дәрігер, философ, Кротондық медицина мектебінің өкілі. Ол жануарларды ғылыми мақсатта алғаш рет сойып зерттеп, дене мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы туралы сол заманға сай терең мағыналы ғылыми тұжырымдар жасаған. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Амебоциттер

Амебоциттер — амеба тәрізді жалған аяқтары арқылы қозғалатын, адам мен омыртқалы жануарлар лейкоциттеріне сәйкес келетін, омыртқасыз жануарлар қанының түссіз жасушалары[1]; омыртқасыздар қанының түссіз жасаушалары. Олар бөтен денелерді ұстап алып қорытады ағзаны зиянды заттардан қорғайды. Амебоциттер қызметі жағынан адамды қоса алғанда барлық омыртқалылардың лейкоциттеріне ұқсайды

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Амитоз

Амитоз (amitosis; гр. а — жоқ; гр. mitos — жіп) - бөліну кезінде жасуша ядросында күрделі өзгерістер жүрмейтін жасуша бөлінуінің сирек кездесетін түрі. Амитоздық бөліну кезінде жасуша хромосомалары көрінбейді және беліну ұршығы түзілмейді. Алдымен ядро, соңынан цитоплазма бөлініп, бір аналық клеткадан бірнеше жас клеткалар пайда болады. Адам мен жануарлар организмдерінде амитоздың үш: генеративті, дегенеративті және реактивті түрлері кездеседі. Генеративті амитоз нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, қалыпты жағдайда, бөлінуден кейін одан әрі қарай митоз арқылы белініп көбейе береді. Реактивті амитоз — адам мен жануарлар организмдеріне кездейсоқ факторлардың эсер етуі нәтижесінде, мысалы, жарақаттану ошақтарында байқалады. Жарақаттанған ұлпа жасушалары жедел реактивті амитоз арқылы бөлініп, жазылғаннан кейін, ұлпа жасушалары одан әрі митоз арқылы бөліне береді. Дегенеративті амитоз ұлпа жасушаларында тіршілік тоқтап, оларда ыдырау процесі басталған кезінде байқалады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Амнион

Амнион (гр. amnion — сулы қабық, қағанақ) — адам мен қағанақты омыртқалы жануарлар ұрығын (құрсақтағы шарананы, іштегі төлді, жұмыртқадағы балапанды) сыртынан тікелей қаптап жатқан жұқа қабырғалы, қуысы қағанақ сұйығына толған, пішіні көпіршікке ұқсас ішкі ұрық қабығы. Амнион екі қабаттан: тұлғалық қатпар нәтижесінде пайда болған, ұрықтантыс эктодермадан жетілген ішкі қабаттан жөне ұрықтантыс мезодермадан дамитын сыртқы қабаттан тұрады. Ол қуысындағы ұрық денесімен кіндік арқылы байланысып жатады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Амнион сұйығы

Амнион сұйығы — қағанақтың ішкі бетіндегі эктодерма жасушалары бөлетін сұйық (қағанақ сүйығы). Амнион қуысындағы қағанақ сұйығы ұрықтың толық дамып өсуіне қолайлы жағдай тудыратын сулы орта. Ол ұрықты кеуіп қалудан, әртүрлі механикалық соққылардан сақтап, қорғаныс ортасының қызметін атқарады, ұрықтың қозғалуына қолайлы жағдай тудырады. Құрсақтағы шарана мен іштегі тел туардан бұрын, балапан жұмыртқаны тесіп шығар алдындағы соңғы күндері, олар қағанақ сұйығын жүтып қоректік зат ретінде пайдаланады. Оның қорытылмаған қалдығынан жаңа туған нәресте қағы мен жас телдер тоңғағы және балапанның бірінші саңырығы пайда болады. Қағанақ қуысының сұйыққа толуына сәйкес, ұрық ұрықтантыс мүшелермен тек кіндік арқылы ғана байланыста болады .....
Рефераттар
Толық