Биология | Автофагия

Автофагия (грек, autos — өзім, өздігінен; phagein — жеу, жою, обырлық, жемірлік) — жасуша цитоплазмасында түзілген артық заттарды, мысалы, қалыптан артық мөлшерде түзілген гормон дәншелерін (гранулаларын) өзінің лизосомаларының (органелла) көмегімен жою құбылысы. Өзінде түзілген заттарды еріту арқылы жоятын лизосомаларды автофагосомалар деп атайды.....
Рефераттар
Толық

Биология | Автофлуоресценция

Автофлуоресценция (грек, autos — өзім, өздігінен; fluoris — жарық; лат. escent — әлсіз эсер) — гистологиялық жонындыларды флуоресцентті микроскоппен ультракүлгін, күлгін немесе көкшіл сәулелермен зерттеу кезінде, жануарлар организмі үлпаларының құрамындағы заттардың сөулелі қуат әсерінен қозуы нәтижесінде зерттеу нысанының өздігінен қысқамерзімдік жарықтану қабілеті. Нысанның жарықтануы жарық спектрінің көрінетін көгілдір түсті аймағында байқалады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Агалактия

Агалактия (грек, а — жоқ және лат. lac — сүт) — сүтсіздік. Желін паренхимасында (сүт безі бөлікшелерінің альвеолалары қабырғаларыңда) сүттің түзілу процесінің тыйылып тоқтауы .....
Рефераттар
Толық

Биология | Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор

Агранулалы эндоплазмалық тор немесе тегіс эндоплазмалык тор (грек, а — жоқ және лат. granulum — дән, дәнше, түйіршік) — қабырғалары биологиялық жарғақтардан тұратын жасуша цитоплазмасы ішіндегі жарғақтық тор түтікшелері қабырғаларына іргелес жатқан рибосомалар (органеллалар) болмайтын жасушаның жалпы органелласы. Тегіс эндоплазмалық тор жарғақты түтікшелерінің ені гранулалы эндоплазмалық тордың жарғақты түтікшелеріне қарағанда кендеу (50-100 нм) келеді. Агранулалы эндоплазмалық тор жасушадағы липидтер (стероидтар) мен көмірсулардың (гликоген) алмасуына және .....
Рефераттар
Толық

Биология | Адаптация

'Адаптация' (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.[1]
Адаптация теориясы (лат. adaptatioбейімделу, икемделу) — үндіеуропалыкфлективті формалардын шығу тегі туралы 19 ғасырдың ортасында ұсынылған ғылыми болжамдардын бірі. Ол бойынша сөз түрлендіруші-қосымшалар мен есімдіктер бір-біріне тәуелсіз дербес дамыған, тек кейін грамматикалык мағыналарды білдіру үшін өзара бейімделген. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аддуктор

Аддуктор (adductor; лат. ad — ішке қарай; лат. duco — серпу, яғни ішке тарту, жақыңдатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына эсер ете отырып, аталған мүшелерді дене түлғасына жақындататын бұлшықет. Аддукторларға иық буынына әсер ететін "жауырынасты бұлшықеті", жамбас-ортан жілік буынын қозғалтатын "сымбат бұлшықеті" мен "санды жақындатқыш бұлшықет" жатады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аденил қышқылы

Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады.Аденил қышқылы — адам мен жануарлар бұлшықеттер ұлпаларының қызметінде маңызды рөл атқаратын қарапайым нуклеотид. Аденил қышқылы фосфор қышқылының бір молекуласынан, дезоксирибозаның бір молекуласынан және адениннен (азоттық негіз) тұрады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аденогипофиз

Аденогипофиз (adenohypopphyisis; грек, aden — без; hypo — төменгі, асты; physis — құрылым) — ұрықтық даму кезінде біріншілік ауыз қуысы эктодермасынан жетілетін гипофиздің безді бөлігі. Гипофиздің бұл бөлігін "безді гипофиз" деп те атайды. Аденогипофизді — гипофиздің алдыңғы, аралық және төмпектік бөліктері құрайды .....
Рефераттар
Толық

Биология | Адецидуаттар

Адецидуаттар (грек, а — жоқ; лат. deciduus — түсіп қалу, бөліну) — буаздық кезеңінде, жатырдың ішкі кілегейлі қабығыңда (эндометрийінде) төл туғаннан кейін, арнайы бөлініп түсетін қабықшасы түзілмейтін және болмайтын жануарлар. Адецидуаттарға барлық тұяқты үй жануарлары жатады. Төлді туғаннан кейін, бұл жануарларда ұрық қабықтары: бүрлі қабық (хорион), несепқабық (аллантоис) және қағанақ (амнион) жатырдан оңай бөлініп ажырайды. Жатыр эндометрийі зақымданбайды. Себебі, эндометрийдің ішкі бетінде төлден кейін бөлініп түсетін арнайы қабықша болмайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Адренокортикотропты гормон

Адренокортикотропты гормон — бүйрекүсті безінің қыртысты затының қыз-метін күшейтетін гормон (АКТГ). АКТГ-ды аденогипофиздің алдыңғы бөлігіндегі цитоплазмасы эозинмен Кызыл түске боялатын жасушалар — кортикотропоциттер бөледі .....
Рефераттар
Толық