Биология | Іштік парасимпатикалық орталық

Іштік парасимпатикалық орталық (внутренностный парасимпатисеский центр); (лат. nucleus parasympathicus splanchnus) сопақша мида орналасады. Сұрзаттық орталық нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйіналды (преганглионды) миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген жүйкені (nervus vagus) құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек қуысына кіреберісте кезеген жүйке, симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен жұтқыншақты жүйкелендіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп,.....
Рефераттар
Толық

Биология | Іштөлдік кезең

Іштөлдік кезең (плодный период) — эмбриогенездің соңғы кезеңі. Іштөлдік кезеңде жануарлардың түрлеріне, тұқымдарына және жеке организмдерге тән белгілер дамиды. іштөлдік кезең, мысалы, сиырда 61-270 тәуліктердің аралығында болады. Оның ішінде бастапқы іштөлдік кезең 61-120 тәулік аралығында жүріп, тұқымға байланысты белгілер дамиды, ал 121-270 тәулік аралығындағы соңғы іштөлік кезеңінде жануарлар организміңде барлық мүшелер жүйелері қалыптасады, өсіп жетіліп, жеке организмге тән құрылыс белгілері мен ерекшеліктері дамып жетіледі .....
Рефераттар
Толық

Биология | Іштөліалды кезең

Іштөліалды кезең (предплодный период) — эмбриондық дамудың гастогенез және органогенез сатыларындағы эмбриогенез кезеңі. іштөоліалды кезенде жануарлардың түрлеріне, кластарына, туыстарына, тұқымдастарына, отрядтарына тән белгілер дамиды. Ұрықта желбезек аппараты, мезодерманың сегменттерге бөлінуі жойыла бастайды. іштөлі аяқтарының бастамалары, кейбір тұқымдарга тән қасиеттер (мүшелердің пішіні, ұзындығы) жетіледі. ішкі мүшелердің (жүрек, бауыр, қарын, ішек, аралық және тұрақты бүйректер, жыныс бездері) мөлшері, пішіні, даму қарқыны жануарлар түрлеріне сәйкес қалыптасып, пішін түзілу процестері (морфогенез) басталады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абдомен

Абдомен (лат. abdomen — құрсақ) - құрсақ, дененің құрсақ бөлігі. Құрсақ — құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан түрады. Құрсақ қабырғасы — сырттан ішке қарай: тері, теріасты бұлшықетін қаптап жатқан екі қабат беткей шандыр (фасция), құрсақтың сыртқы қиғаш бүлшықеті, құрсақтың тік бұлшықеті (бұл бұлшықет адамда — құрсақтың алдыңғы жағында, жануарларда — құрсақтың төменгі жағыңда орналасады), құрсақтың ішкі қиғаш бүлшықеті, құрсақтың көлденең бүлшықеті, көлденең құрсақ шандыры және ішперде (сірлі қабық) қабаттарынан түрады. Құрсақ қуысы (лат. cavum abdominis) — диафрагма (көкірек қуысы мен құрсақ қуысы шекарасындағы көкет) мен жамбас қуысы кіреберісіне дейінгі аралықтағы қуыс .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абдоминальдық

Абдоминальдық (лат. abdomen — құрсақ) — адам мен жануарлар денелерінің құрсақ жағы, морфологияның анатомия саласында қолданылатын термин. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абдуктор

Абдуктор (лат. abductor; ab — сыртқа қарай; duko — серпу, яғни денеден алыстатқыш) - адамда қол мен аяқ, ал жануарларда алдыңғы және артқы аяқтар буындарына әсер ету арқылы аталған мүшелерді денеден алыстататын бұлшық ет. Абдукторларға иық буынын денеден алыстататын "қырарты бұлшық еті" және жамбас-ортан жілік буынын сыртқа қарай тартып қозғалтатын "бөксенің терендегі бұлшық еті" жатады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абдукция

Абдукция (лат. abductio — сыртқа серпу, алыстату) — адам мен жануарлардың омыртқа бағаналарының бойын бойлай бастан кұйрыққа дейін өтіп, олардың денелерін арқадан құрсаққақарай тепетең екі жарты бөлікке бөлетін орталық сагиттальды (лат. cagitta — жебе) жазықтықтан дененің оң жағына немесе сол жағына сыртқа қарай бағытталған қозғалыс. Аталған қозғалысты іс жүзіне асыратын бұлшықеттерді "абдукторлар" деп атайды......
Рефераттар
Толық

Биология | Абиогенез

Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]
19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми .....
Рефераттар
Толық

Биология | Абиотикалық факторлар

Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.[1]
Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аборальдық

Аборальдық (лат. ab -дан, -ден, -нан, -нен; лат. or — ауыз) — адам мен жануарлардың бас аумағында қолданылатын халықаралық морфологиялық термин. Термин "ауыздан артқа немесе кері қарай" деген магына береді.

.....
Рефераттар
Толық