Тарих | 1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас

ХХ ғасырдың 20 - жылдарында мемлекеттер арасында өткізу нарықтары үшін күрес, және Таяу Шығыстағы шикізат көзі үшін күрес басталды. Англия дипломатиясының мақсаты - Таяу Шығыс территорияларын бақылау және француздардың әсерінен босату болды. Англия француздарды Сириядан шығаруға тырысты. Сондай-ақ, Франция арабтардың Англияға қарсы болуын қолдап отырды. Оларды қолпаштап отырған болатын. Иракта өз мандатын сақтап қалу мақсатында Англия ағылшын - ирак келісіміне қол қойылуына қол жеткізіліп, 1924 жылы қабылданды. Келісім Англияның Орта Шығыстағы орталық ауданында үстемдігін берді. Ал Ирак Үндістанға, Мосул мұнайына және Мысырға өтер жолды жауып тұрды. 1922 жылы - ақ Англия Мысырдын тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Ал Суданда Египет - Судан мемлекетін құруды талап ететін шиеленіс болғанда, Лондонда Макдональд пеп Мысыр үкіметінің басшысы Загул-Паша арасында келіссөздер өткізіле бастады.

Мысырдың ағылшын әскерлерін өз территориясынан шығаруды талап етуі; ағылшын кеңесшілерінің төмендетілуі, Мысырдың сыртқы саясатындағы еркіндікті, Мысырдың Суданға құқығын мойындауды талап етулері толығымен ескерілмеді. 1924 жылы 6 қарашада Булупд үкіметіне Чемберленнің келуі ағылшын - мысыр қарым-қатынастармен мүлдем бұзып жіберді. Бұл кезде 1925 жылы Мароккода Риф облысында жаңа толқулар болды. Оның қатысушылары Риф мемлекетін өз еркімен құрды. Испандықтарға қарсы Риф тайпаларының соғысы ұзаққа созылып, экономикалық саяси дағдарысқа әкелді. Испания диктаторы Пимо де Ривьера Франциядан көмек сұрады. Мароккоға жіберілген француз әскері 1926 жылы көтерілісті басты. Ағылшын дипломатиясы Францияның ішкі істеріне араласпады. Әскери қимылдардың Танжерге ауыспағандығынан қорықты. Сол себепті ол Франциямен Мысыр және Таяу Шығыс мәселелерін шешуге асықты. Одан кейін Англия Рим мемлекетін отарлауға көмектесті. Бірақ Риф мемлекеті Испания астында қалды. Рифтермен бір уақытта Франция Сирия друздармен соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Көп өтпей -ақ друздардың көтерілісі кең етек алып, бүкіл мемлекетке жайылып екі жылдай уақытқа 1927 жылдың күзіне дейін созылды. Англия Сириядағы соғысты Шығыста өз мәселелерін шешу үшін пайдаланды. 1924 жылы Ұлттар Лигасының отырысында Англия өкілі Эмери Ирак парламенті атынан Ирак үстіндегі мандатты ұзарту талабымен шықты. Келесі жылы Ұлттар Лигасы одағы Туркияның қарсылығына қарамастан Иракқа

Мусоль ауданын берді. 1927 жылы Ұлыбритания мен Ирак арасындағы келісім барысында,Иракты тәуелсіз мемлекет етіп мойындады.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы

Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім, орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұрапы хан ұлын езіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылмен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі.
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының қүзырына бағынышты болып бекітіледі.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | БУМЫН ҚАҒАН

Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бұрындық хан

Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады.

Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.

1. Оның Қазақ хандығы құрылуының екінші кезеңдегі атқарған рөлі, бұл шамамен 1469-1472 жылдарда болған;
2. 1472-1473 жылдардан XV ғасырдың 90 жылдарының ортасына дейін, қазақ хандығының батыста ноғай мырзаларымен және оңтүстікте Сыр бойы қалалары мен өңірлері үшін күрестегі атқарған рөлі;
3. XV ғасырдың 90-жылдарының ортасынан XVI ғасырдың алғашқы 10 жылдығы ішіндегі Қасым сұлтанмен арадағы қайшылықтар, Шайбани ханмен одақтасу, қазақ қоғамындағы беделін жоғалтып, елден кетуі.

Бұрындықтың хандықтың құрылу үрдісіне қатынасуы 1469-73 жылдардағы оқиғалардан көрінеді. Осы жылдары Қазақ хандығына қатысты мынандай оқиғалар болған еді: 1469 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанның батыс жағындағы Қазақ хандығына қарсы жорық ұйымдастырып, сол жылдың қараша-желтоқсан айларында орта жолда қайтыс болды. Орнына екінші ұлы Шайх-Хайдар отырады. Оның билігі туралы деректердің бәрі оң баға бермейді. «Тарихи Кипчакидің» авторы Ходжамқұлы-бек Балхи оның жеке басына мынадай сипаттама береді: «Ол жұмсақ мінезді және жігерсіз адам болатын, басқару ісіне өз бетінше қадамдар жасауға қабілетсіз еді» (XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары.- Алматы, 1969.- Б.393). Осыны пайдаланып Әбілқайырдың кешегі жаулары әр тараптан жорықтар жасай бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі


18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
Рефераттар
Толық

Тарих | XVIII XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.
Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1985 1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.
Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді.
1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.

 Қайта құру бағыты

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.
Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жөзінде қалды. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.....
Рефераттар
Толық