Дене шынықтыру | Дала жарысы

Ауа-райы жағдайларына байланысты шаңғы даярлығымен де, коньки тебумен де айналысуға мүмкіндігі жоқ мектептер үшін дене тәрбисі бағдарламасында дала жарысынан сабақтар өткізу қарастырылған. Дала жарысы даярлығымен айналысу тұрмыс-тіршілік үшін ғана қажет болып қана қоймайды, сонымен бірге әскери-қолданбалылық үлкен маңызға ие. XI сыныпты бітіретін жасөспірімдер ертеңгі отан қорғаушылары екендігін ескерсек, бағдарламаның осы тарауын оқып-үйренуге көбірек зейін аудару қажеттігі туындайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Дала жарысымен айналысу үшін тұйықталған түрдегі, ең қолайлысы сегіз түріндегі трасса салып алу ұсынылады. Ол жағдайда айналманың қосылатын жерінде тұрған мұғалім (не оқушылардың бірі) жүгіруді жақсы бақылап, қашықтықтың қиындыларын (бөліктерін) оқушылардың қанша уақытта жүгіріп өткендігін есептейді, жүгірудің шапшаңдығы мен техникасы бойынша оқушыларға нұсқаулар бере алады. Трассаға жанастыра қолдан жасалынған кедергілер алабы болса өте жақсы.
Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Бір адам жүгіргеннен гөрі, топпен жүгірудің өзіндік ерекшелігі бар. Бір адам жүгіргенде ол өз күшіне ғана сенеді, оларды қашықтықтың өне бойына жететіндей етіп бөлуге тырысады.
Дала жарысында өте жылдам жүгіргендігіңді және шаршағандығыңды сезсең, онда шапшаңдықты біршама азайтып, бір сөзбен айтқанда өзіңнің көңіл-күйінді үнемі бақылап отыруың керек. Топпенен жүгіргенде де, әркім тек өз күшіне ғана сенеді, дегенмен де жүгіруге қатынасушылар әдетте біртіндеп топтарға бөліне бастайды және осы топтарда өзінен-өзі бәсекелесу, алға шығу үшін күрес туындайды. Мұның өзі қатынасушылардың бір-біріне көмек беруіне кедергі келтірмеуі керек. Бұл жаттығуда да, жарыстарда да болып жататын құбылыс.
Дала жарысына топпенен қатынасушы өзін-өзі қалай ұстауы керек? Бастапқыда өзінің жағдайына назар аудара, күші жететіңдей екпінді таңдап алып, өз күшімен жүгіруі керек. Сосын жалпы топтағы өзінің жағдайын есептей отырып, алда жүгіріп-бара жатқандардың бірінің соңынан қалмай. оған ілесіп отыру қажет. Өйткені өзгенің соңынан жүгіріп отыру жеңілге соғады. Егер ол шамалы ғана ұмтылыс жасаса, одан қалуға болмайды, ал өте шапшаң ұмтылса, онда біршама қалыңқырап, сосын тағы да жақыңдауға тырысу керек. Егер оңтайлы жағдай болса, бастаушының алдына да шығуға болады. Мәреге жақындағанда, күш жетіп жатса, бастаушыны басып озып, барынша жылдам жүгіру қажет. Әрине мұның барлығы мұғалімнің тапсырмасына немесе жүгірушінің өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты.....
Рефераттар
Толық