ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Өсімдіктер әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.
Өсімдіктер көлемі жағынан да әр түрлі. Ең майда тірі организмдерге вирустар мен фагтар жатады. Оларды 100-300 мың және одан да артық есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы ғана көруге болады. Таяқша тәрізді бактериялардың кейбіреулерінің ұзындығы 1-10 мкм ені 0,2-1 мкм (1 мкм – 10-6м). Темекіде теңбіл (мозайка) ауруын туғызатын вирустың ұзындығы орташа есеппен 300 нм (1 нм -10-9 м), ені 15 нм. Ал бактериофагтардың көлемі 50-100 нм аралығында.
Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Мысалы, тұщы сулардың бетінде қалқып жүріп тіршілік ететін көпжылдық кіші балдыршөптің жапырақ тақтасының диаметрі 5-10 мм болса, су өсімдігі вольфияның жапырақ тақтасы 1-1,5 мм-дей ғана. Бұларға қарама-қарсы құрлық өсімдіктерінің ішіндегі ірісі — секвойядеңдронның биіктігі 100 м-ден асса, діңінің диаметрі 10 м-ге жетеді.
Өсімдіктердің мұндай алуан түрлілігі өте ұзақ әрі күрделі эволюциялық даму барысыңда үнемі өзгеріске түсуден және орта жағдайларына бейімделуден болса керек.
Ғылыми деректерге сүйенсек тіршілік алдымен суы бар ортада — дүниежүзілік мұхиттарда пайда болған. Олар: тіршіліктің қарапайым формалары клеткаланбаған, «ядросыздар», сол сияқты ядролылар - бір клеткалылар және колониялылар. Бұлардан кейін құрылымы едәуір күрделі көп клеткалылар пайда болды.
Тірі организмдердің, жаңа формаларының пайда болу процесі сулы ортада баяу жүреді, бұл Дүниежүзілік мұхиттарда орта жағдайларын түзетін экологиялық фактор элементтерінің ауытқушылығының төмендігіне, бірыңғайлығына байланысты. Сондықтан да осы уақытқа дейін сулы ортада құрылысы қарапайым бір клеткалы, колониялы өсімдіктер — көк-жасыл және жасыл балдырлар тіршілік етуде.....
Рефераттар
Толық