file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қыпшақтардың мәдениеті мен өнері

Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып кеткен» халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында – хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де «Игорь жорығы туралы жыр» мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген.
Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған көптеген «ұсақ-түйек» жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-құтын алған «көшпенділер империясы» атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ –түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді.
Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар. ....
Рефераттар
Толық