Экономика | Қызмет мотивациясы

Неге адамдар жұмыс жасайды? Неге кейбіреулері жеңіл жұмыс жасай отырып, наразы болады, ал кейбіреулері ауыр жұмысты жақсы көңілмен істейді. Адамдар жақсырақ және өнімдірек жұмыс жасауы үшін не істеу керек? Жұмысты қалай қызықтырақ етуге болады? Осы және көптеген басқа да сұрақтар адамдарды басқару барысында пайда болады. Ұйымның жетекшілігі өте жақсы жоспарлар мен стратегиялар жасап, үйлесімді құрылымдар тауып, ақпаратты берудің және өңдеудің тиімді жүйелерін құрып, ұйымда ең жаңа құрал – жабдықтар орнатып және ең соңғы технологияны қолдануы мүмкін. Алайда, егер ұйымның мүшелері қажетті түрде жұмыс істемесе, өздерінің міндеттерін орындай алмаса, ұйымда өзін сәйкесінше ұстамаса, өзінің еңбегі арқылы ұйымның басты мақсаттарын жетуіне бар күшін салмаса, бұл ұйымның күш салуы нәтижесіз болып шығады.
Адамның жұмыс жасауға деген дайындығы және ықыласы ұйымның қызметіндегі ең негізгі фактор болып табылады. Адам машина емес, оның жұмысы қажет болған жағдайда «қосу», ал қажеттілігі жоқ жағдайда «өшіру» мүмкін емес.
Адам жақсы көңіл – күйлі және ықыласты бола отырып, құндылықтардың нақты бір жүйесіне сүйене отырып, орнатылған нормаларға және жүріс – тұрыс ережелеріне бағына отырып жұмысты «адамдандырады». Бұдан адамдарды тиімді басқара білу мүмкін емес деп айтуға болмайды. Керісінше, адамды іс – әрекетке, белгілі бір істі атқаруға не итермелейтінін түсініп, білсе, еріксіз көндіруге қарағанда адамды басқаруға мүмкіндік туады. Нәтижесінде ол қызметкер ұйымның өз мақсаттарына жетуі тұрғысында өз жұмысын ең жақсы түрде орындап, ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады.
Адамды тек оны мотивациялау арқылы тиімді басқаруға болады. Адамның қызметінің негізінде қандай мотивтер бар екенін білген жағдайда ғана адамдарды тиімді басқарудың тәсілдері мен формаларын жасап шығаруға болады. ....
Рефераттар
Толық