Экология | Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы

Табиғат - Ана экологиялық жағдайлардың қол шоқпарына айнала тұра, бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі екеніне дауымыз жоқ. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік өте отырып, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстары мен заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Сондықтан да халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшөгі, құрамдас бір тобы деп есептеді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізді, сондай-ақ табиғатқа аялы алақан, көз қарашығындай қамқорлық керек екенін ерте сезінді.
Егер Жер – Анаға тіл бітсе: - Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік еткен ең тамаша перзентімнің. Саналы, парасат - пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері – менің төл балаларым. Сенің өзіңмен бірге туғандарыңа, яғни жануарларға, аң – құстраға жасаған қиянатың - өзіңе, келер ұрпағыңа жасаған қастандығың дер еді.
Ағылшын халқында «Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігіін түсінеміз» деген нақылы бар.
Еліміз Егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қалың арасында жан – жақты жүргізіліп келеді.
Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіп пен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде Республикамызда ерекге қорғалатын табиғи аймақтар санатына: мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, қорықшалар, ботаникалық бақтар жатады. ....
Рефераттар
Толық