Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі ҚР- ның сақтандырудың жағдайы мен қызметтері туралы мәліметтерді кеңінен білу. Рефератым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен мынадай мәселелерді қарастырдым: Сақтандырудың экономикалық мәні, оның түрлерін және сақтанушылардың қандай мүдделері бар екендігіне тоқталдым.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарын кеңейтуге мемлекет те мүдделі. Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды ұйымдар мүдделерін сақтандыратын жағдайлар салдарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.....
Рефераттар
Толық