Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Генетикалық психология

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыс-танушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде -ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс - әрекет түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғылыми - психологтары М.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (189-1936) көп еңбек сіңірген. М.М.Сеченов өзінің әйгілі «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс -әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс», - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеугі мүмкін емес», - деп жазды. Срнымен бірге ғалым сыртқы жаәдайлар әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан және ақырынан бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.....
Рефераттар
Толық