Биология | Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинау

Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинау



Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау..



Көрсеткіші: бүйрек аурулары



Кері көрсеткіші: жоқ



Керекті құралдар:



· 8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс.



Іс-әрекет алгоритмі:



1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.



2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.



3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.



4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.



5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.

.....
Рефераттар
Толық