Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.....
Рефераттар
Толық