Биология | Дәнекер ұлпасы

Дәнекер ұлпа (Textus connectives, лат. Textus – ұлпа және connectives – дәнекерлік) – жануарлар организмінің барлық мүшелері құрамына кіретін , демде ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы мезенхимадан дамып, организмның ішкі ортасын құрайды. Олар эпителидің астын төсейді. Сонымен қатар органдардың қабығын түзіп организмдегі ұлпалардың қабатын толтырып отырады. Организмдегі барлық органдар мен ұлпалардың клеткалары дәнекер ұлпасы арқылы қоректенеді. Дәнекер ұлпасы ішкі зат алмасуын жүзеге асыратын ұлпа болып саналады. Сондықтан ол қан мен бірге тропикалық және қорғаныштық маңызы бар бір тұтас жүйе құрайды. Органдардың қабығында бұл ұлпа механикалық қызмет атқарады. Дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері ажыратылады:
1. Ритикулярлық ұлпа
2. Борпылдақ дәнекер ұлпа
3. Тығыз дәнекер ұлпасы.
Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Бұл ұлпалардың құрылысының аралық затардың құрылысына және әр түрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне байланысты болады.
Аралық заттар - әр түрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Талшықтардың үш түрі болады.
1. Коллагенді
2. Эластикалық
3. Ретикулярлы
болып бөлінеді.
Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте, бір-бірінен қашық орналасады. Дәнекер ұлпасының клеткалары:
1. Фибробласт
2. Гистиоциттер
3. Майлы клеткалар
4. Пигментті клеткалар
5. Қанның клеткалары
Борпылдақ дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының бұл түрі адам мен сүтқоректілердің организмінде кең тараған. Борпылдақ дәнекер ұлпа терінің астында жатады. Органдардың, ұлпалардың және клеткалардың арасын толтырып тұрады. Борпылдақ дәнекер ұлпада түрлі бағытта тәртіпсіз орналасқан, коллогендік және эластиндік талшықтар болады. Олардың
арасында клеткалар орналасады. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткалары:
фибробластар, гистиоциттер, адвентициялық клеткалар, толық клеткалар, май және пигментті клеткалар. Сонымен бірге қанның клеткалары да кездеседі – лимфоциттер, плазмоциттер және макрофагтар. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заты талшықтар мен аморфты затан тұрады.....
Рефераттар
Толық