География | Гибриологиялық әдістің генетикадағы маңызы

“Геном және қоршаған орта, генетикалық токсикология” тақырыбында есімі әлемге әйгілі биолог Александр Холландердің халықаралық курсы басталды.
Қоршаған ортаның мутагенезі бойынша халықаралық қоғамдас¬тық-тардың ассоциациясы жанын¬дағы Александр Холландер коми¬тетінің ұсынысы бойынша осымен 15-ші мәрте өтіп жатқан халықара¬лық семинарды Л.Н.Гумилев атын¬дағы Еуразия ұлттық университеті мен АҚШ-тың Техас медициналық университеті ұйымдастырды.
Бүгінде Қазақстандағы өндіріс¬тік қазбамен айналысатын мекеме¬лер¬дің табиғатқа келтіріп жатқан за¬лалы, Семей ядролық полигоны¬ның салдары, сулардың ауыр ме¬тал¬дармен, пестицидтер және өзге де органикалық қоспалармен лас¬тануы, Арал теңізіндегі экология¬лық апат, қоршаған ортаның ра¬дио¬активті, химиялық және биоло¬гия¬лық мутагендермен залалдануы және басқа да факторлардың әсері, онкологиялық аурулармен байла¬ныс¬ты тұқым қуалайтын аурулар санының өсуі – осының барлығы генетика ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер екені белгілі. Осы ретте курс аясында қазіргі экологиялық генетика және адам генетикасының көкейкесті мәселелері бағытында ғылыми қоғамдастықта өте таны¬мал болған АҚШ, Жапония, Түр¬кия, Польша, Румыния, Чехия, Иран, Үндістан, Таиланд және Қа¬зақстан ғалымдарының баяндама¬ла¬ры тыңдалуда. Бұл пленаралық баян-дамалар қоршаған ортаның му¬та¬генезі және оның шешілу жол¬дарына арналуымен өзекті дер едік.
Халықаралық семинардың ашы¬лу салтанатында сөз алған Қазақ ҰҒА академигі, биология ғылым¬дары¬ның докторы Рахметқажы Бер¬сімбаев, Техас университетінің про¬фессоры, доктор Уильям Ау, Цин¬цинатти университетінің про¬фессоры Питер Стамбург қазіргі таң¬да генетик ғалымдардың зерттеу ны¬санына айналған мәселелер өзінің өзектілігімен ерекшеленеті¬нін, осы орайда, Александр Хол¬ландер кур¬сын өткізудің маңызы зор екендігін атап өтті.
Бұдан кейін курстың бағдар¬ла¬масы бойынша түрлі тақырыпта баяндамалар тыңдалды.
Семинарлар кезінде баяндама¬шы¬лар бүгінде барлығы 5000-ға жуық тұқым қуалайтын ауру бар екендігіне, олардың 2000-ға тарта түрі ауыр мүгедектік жағдай туды¬ратынына тоқталып өтті. Сонымен қатар, тұқым қуалайтын аурулар хромосомалардың санындағы өзге¬рістерге немесе олардағы мутация¬ларға байланысты пайда болатыны, осындай мутация-лардың басым көпшілігі мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа бері¬ліп, адам популяциясында сақталып келетіні де айтылды. Осы ретте атал¬ған ауру түрлерінің алдын алуға ғы¬лыми ой-сананы бағыттау, бұл жолда әлемнің озық ойлы мамандарының басын біріктіру қажеттігі де әңгіме өзегіне айналды.
Бұл күні тыңдалған баяндама¬лар кезінде көптің назарын ауда¬рар¬лық қызықты жәйттер де ай¬тыл¬май қал¬мады. Адамның өзіндік генетикалық ерекшеліктері туралы мәліметтерді білудің маңызы ай¬рық¬ша екені белгілі. Себебі, мұн¬дай мәліметтер нәрестенің дүниеге келгеніне дейін оның қандай тұқым қуалайтын ауруларға бейім екенді¬гін болжауға, алдын алуға және ем-деудің түрлерін анықтауға мүмкін¬дік береді. Сол себепті, соңғы жыл¬дары тұқым қуалайтын аурулардың белгілі бір түрлеріне шалдығуға бейімділікті анықтайтын, алдын ала болжайтын әдістер және емдеу шаралары ойлап табыла бастаған екен. Мәселен, бө¬тен қосылыстар¬ды зиянсызданды¬ратын кейбір ген¬дердің болуы бүйен ішектегі қатерлі ісіктің пайда болу мүмкіндігін тө¬мендететін көрінеді. Қатерлі ісік ауруларының кейбір фор¬маларынан қорғайтын мұндай ген¬дердің табы¬луы – осының бір дәлелі. Бұл қор¬шаған ортаның мута¬гендік фак¬торлары мен клетканың генетика¬лық аппаратының өзара бай¬ланыс¬тарын зерттеуге әлемнің ал¬дыңғы қа¬тарлы зертханаларында айрықша мән беріліп жатқанын білдірсе керек.
Генетика саласындағы түрлі түйткілдерді өзек еткен курс жұмысы 26 қыркүйекке дейін жалғасады. ....
Рефераттар
Толық