Экономика | Бизнес түрлерін жіктеу

Бизнес саласында көп ретте мәселені кәсіпкерлер емес, шенеуніктер шешеді. Сондықтан бұл шешімдер бизнес мүддесіне сай келе бермейді. Прези¬дентіміздің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауы да осыдан туындап отыр.
Жалпы, ерекше атап көрсететін бір мәселе, жемқорлықты тудыратын мемле¬кет емес, сол мемлекеттің саясатын қа¬лып¬тас¬тыратын бюрократия. Мемлекеттік органдар бизнеске араласқан сайын ше¬неу¬ніктердің ықпалы артады, құқы өседі. Бірқатар елдерде жемқорлықпен күресті науқаншылдыққа айналдырып жіберу кө¬ріністері етек алған. Осы науқаншылдық жағдайында бұқараның ойын басқа мәсе¬леге бұрып жіберу үшін түрліше тәсілдер де ойластырылған. Әлдебір қауіп түрлерін, қауырт мәселелерді ойлап тауып, жем¬қор¬лықпен күресті екінші сатыға ысыра салу мүмкіндігі қарастырылады. Алдағы уақыт¬та осыдан сақ болуымыз керек. Бұл бюро¬кра¬тияның үнемі құрал қылып ұстайтын тәсілі, үлкен амалы. Бәсекелестік – жем¬қор¬лықпен күрестің негізгі тетігі.
Жемқорлықпен күрестің тағы бір тиім¬ді факторы – ол адамдық фактор немесе қоғамдағы азаматтардың белсенділігі. Мы¬нан¬дай бір жемқорлық пен азаматтық бел¬сенділік туралы социологиялық зерттеу¬лер¬дің қорытындысына талдау жасап көрейік. “Пара берудің себебі не?”деген сұраққа азаматтар былай деп жауап беріп¬ті: 1.Шенеунік дәметіп тұрады. 2.Өзіміз үшін сұрамай-ақ береміз. 3.Ол да менің бе¬ре¬тінімді, мен де оның алатынын айт¬пай-ақ біліп тұрамыз.4.Пара беруден басқа мәселені шешудің жолы жоқ. “Егер сіз бір азамат өз бастығының пара алғанын про¬куратураға хабарласа, сіз ол адамға қалай қарайсыз?” деген сұраққа азаматтардың 42 пайызы бұл таза адам, 6 пайызы нағыз батыр, 15 пайызы бұл ерсілік қылық ....
Рефераттар
Толық