Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады".
Қорытындылай келіп О.И. Лаврушин: "Сонымен, банк — ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі - дейді. Біз осы анықтамамен келісеміз.
Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара қүқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бөрі, Қазақстан жағдайыңда, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Өз кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несме және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырынған банк болады, ал егер банк, мүндай қызметтердің түрлі-түрлісін кез келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады. ....
Рефераттар
Толық