Дінтану | Исламның әлемге таралуы
Жалпы, әулетінің билеуі кезінде сыртқы шлоуыларда арай әскерлері негізінен жеңіске жетіп отырғап. Осы мәселеде кейбір ислам дінінің беделін көтеруді ойлаушылар мұны ислим дінінің басқа дінге қарағанда артықшылығында деп көрсеткісі келеді. Біз қашанда барлық мәселені сол дәуірдегі тарихи жағдайлармен байланыстырып қарауымыз керек. Өйткені, ислам дінінің кей жерде күшпен өндірілгенін теріске шығарғысы келетіндер де бар. Шынына келгенде Пайғамбарымыз ислам дініне қарсылық еткен кейбір тайпаларды найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорқытып кіргізбегенде ғасырлар бойы сеніп келген дінінен бір емес, екі емес, мыңдағанын адамдардың бірден кіруі мүмкін бе еді? Әрине, мүмкін емес".Егер біз тарихи шындық тұрғысынан қарамасақ, жалған мақтаумен ислам дінінің беделін көтеру орнына түсіріп аламыз. Ал тарих ешқашан бұрмалағанды көтермейді. Дәл осысияқты ислам діні де, жамап-жақсағанды қаламайды, өйткені ол жауынгер дін. Олай болса, араб әскерлерінің жаулау саясатындағы негізгі жеңіске жеткізген нәрсенің бастыларының бірі сол кездегі екі ірі державалар: Византия мен Иранның ішкі өміріндегі бытыраңқылық, қайшылықтардың өсуі, олардың өзара ішкі тартыстарының салдары еді. Осындай жағдай салдарынан әбден әлсіреген олар арабтарға қарсы тұра алмады. Кей жерлерде жоғарыда айтқандай салық, пен қанаудан қиындық көріп титықтаған халық тіпті арабтарды басқыншы емес, Византия мен Иранның теникісінен құтқарушы ретінде қабылдады. Олар ислам дініне енгендердің салықты аз төлейтіндерінен көптен хабардар болаты. ....
Рефераттар