Ғабиден Қожахмет | Апасының тәлімі
Түскі шайын ішіп болысымен, апасы кейде бұған: "Маған "Қыз Жібекті" қойып берші", - дейтіні бар. Бұл далаға ойнап кеткісі келіп тұр еді, енді апасы айтқасын, қойып беруі керек.
Радио үлкен бөлмеде тұрады. Апасы сол бөлмеге өтіп, қасына сүйеніп отыратын жастығын алып, жырды тыңдауға дайындалып отырар еді. Бұл радионың кішкене түймесін басады. Түймені басқанда, радионың бетінде аппақ самаладай жарық сәуле жарқырайды. Егер осы түймені қайтара басса, самаладай сәуле сөніп, радионың жарты бетінде қызылды-жасылды жарық бірқалыпты жанып тұрар еді. Егер мынау жатқан күйтабақтардың арасынан эстрадалық бағыттағы күйтабақтардың бірін алып ойнатса, мына қызылды-жасылды жарықтар дауыс пен әуеннің ырғағына сай жанып-сөне бастар еді. Егер әншінің даусы тым биікке көтеріліп тұрып алса, жарықтардың ішіндегі ашық, көгілдір сәулелі жарық өзге жарықтардан ерекше бөлініп барынша шұғыла шашқан күйі тұрып қалар еді де, әншінің даусы төмен түскенде барып, көк шұғыла да іле-шала сөне қалар еді. Ал егер әншіні сүйемелдеуші музыканттың гитарасының даусы әуенді қайырмалап ойнап тұрып алған сәтте, жарықтардың арасынан ашық қызыл шұғыла сәуле ғана жарқыраған күйі бөліне жанып, сол күйі тұрып қалар еді де, әнші әнді жалғастырып кеткенде, қызыл шұғыла да іле-шала бәсеңси қалар еді. Қазір апасы "Қыз Жібекті" қойып беруді сұрап отыр. Дәстүрлі бағыттағы әндерді қойғанда, қызылды-жасылды жарықтар эстрадалық әндерді қойғандағыдай аса құбылып ойнай бермейді. Тек жыршы даусын көтеріп "әу" деп қалған сәтте ғана, манағы көгілдір сәулелі жарық бір мәрте жарқ ете түсіп, іле-шала тез сөнеді. Дәстүрлі әндерді ойнатқанда, ең бастысы, бұл жарықтарды сөндіріп қойған дұрыс. Өйткені дәстүрлі бағыттағы әндердің басты қасиеті әуеннің ойнақылығында емес, сөз, сөздің құдіреті, сөздің қасиетінде жатар еді.
.....

Әңгімелер