Ғабиден Мұстафин | Құлаған құз


Тоғай. Егін. Шалғын... Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді. Арғы қабақта аспанмен тілдескен Алтайға жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. Жол Алтайдың ішіне сүңгіді. Біз де сүңгідік. Жүрген сайын артымыз ылди, алдымыз ор, өрмелеп аспанға шығып бара жатқан сияқтымыз. Тay қоюланып, ірілене түсті. Шат тереңдеп кетті. Екі ернімен көк тіреген тар жықпылды, шапши аққан тентек су бой бермеді. Былай бұрылсаң өзен, былай бұрылсаң тау қақпалар, қалың жолшының соңынан қиялай жүріп келеміз...

Сонау баста, «Бұдан әрі жол бермеймін» дегендей, көлденең шөгіп құз - жартас жатыр. Оның бер жағында, қолында кішкене қызыл туы бар бір әйел тұр. Машина жүре алмай, қайтып кетті. Жаяу өрмеледік. Әлдекім ысқырады! Сонша болмады, көп гүрсіл тауды жаңғырықтыра жөнелді...

— Тас бұзған дәрінің дауысы ғой...- дейді штаб бастығы Доншенко. Құлақты бітеп, жүректі сілкінткен күшті гүрсіл оған күзетшінің тоқылдағы сияқты. Алды-артымыздан құйынша көтерілген тас аралас тозаң састырып келе жатса, ол жалтыраған қасқа басын кепкесімен де бүркемеді.

Жасы он жеті - он сегіз шамасында, ақ таяқ ұстаған қыз құз тастың жақпарынан шықты. Жолдың алдын ашып жүрген тау бұзғыш жас маман екен. Сөзден гөрі өз ісін сүйетінін сездірген соң, бөгелмей өтіп кеттік. Құзға келсек төрт-бес жұмысшы жәшік-жәшік динамитті бұзып, бір үңгірге тасып жүр... Үңгірдің түбінде екі-үш адам динамитті, кірпішті қалап отыр. Біздің сұрауымызға: .....
Әңгімелер
Толық