Салқынбаев Төлеухан Айтқазыұлы | Сәбира Мұхамеджанова
Ел тарихында, тіпті әлем тарихында өшпес із қалдырған, Кеңестік империяның тұтастығына тұңғыш соққы беріп бостандыққа жол салған «Желтоқсан» көтерілісін «тәуелсіздіктің кіндігі» деп бағалаған екен халық қаһарманы Қасым Қайсенов атамыз. Жүрегінде ұлт намысы ұялаған қазақ жастарының ерлігі – ұлтымыздың Ұлы мақтанышы. Ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр, дегенмен әлі де болса айқындалмаған, толық бағаланбай жүрген жәйіттер көп.
Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы» болған күні – ақ Мәсукеудің пәрменімен бүкіл Қазақстан бойынша жаппай жазалау, қаралау шаралары басталып кеткен болатын. Желтоқсаншылар мыңдап жазаға тартылып жүздеп сотталып жатты. Кейіннен басқа республикаларда кеңінен жалғасып күшейе келе кеңес үкіметін құлатып тәуелсіздікке жол ашқан «Желтоқсан» оқиғасына қатысушылар бүгінде ұлтымыздың мақтанышына айналды. Әсіресе желтоқсанда тікелей қазаға ұшыраған төрт қыршынның рухын халқымыз мәңгілік ардақтауы тиіс. Солардың бірі, қайтпас қайсарлықтың, ұлт мүддесіне беріктіктің үлгісіндей болған Сәбира Мұхаметжанованың есімін асқақтату баршамыздың борышымыз. Сәбираны халқымыздың қаһарман қызы ретінде дәріптеп жазып жүрген зиялыларымыз баршылық, солардың арасында Өскеменде болғаан желтоқсан оқиғаларына тиянақты талдау жасаған тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жынын пида еткен «Желтоқсан батыры», қазіргі күнгі отансүйгіштік пен патриоттық тәрбиенің нақты үлгісі болып отырған Сәбира туралы халқымызға, жас ұрпаққа кеңінен мағлұмат беру бүгінгі күн талабына айналып отыр» деп жазады.[1, 90б.] Сол сияқты жазушы А. Алпысбаевтың (Асқар Алтай), журналист Әлия Ибақованың т.б авторлардың, оқиға куәларының деректеріне сүйеніп биыл басталып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай әңгімені жаңа бір қырынан қозғамақпыз. .....
Әңгімелер