Рахмет Өтесінов | Аяқталмаған сапар

Жаңа өзен қаласынан таңғы салқынмен шыққанбыз. Күн күйдіріп, сары аңыз тартқан бұйрығыңды, жусанды қу даланы тіліп өтіп, алысқа тартқан тақтайдай тегіс асфальт үстінде «Волга» машинасымен зулап келеміз. Қасымда Өзен, мұнай кәсіпшілік басқармасының бас инженері Стремский мен №1 кәсіпшіліктің аға геологы Проденко бар. Бағытымыз Шевченко қаласы, мақсатымыз күн қызбай тұрып, Шевченкоға жетіп, Министрлік Бас басқармасы басшыларының қатысуымен сағат 10-да басталатын үлкен техникалық жиналысқа қатысып, кешкі салқынмен кейін оралу. Көңіліміз көтеріңкі. Әншейінде көп сөйлемейтін Проценко да сөзге жиі араласып келеді. Денеңді шыжытқан ыссыдан, көз аштырмай, дем алдырмай дамылсыз соғып тұратын аңызақтан ығыр болған адамдарға мынау аз уақыт таңғы салқын самал мен теп-тегіс асфальт жол кең тыныс бергендей, еріксіз көңілді шалқытады.

— Шіркін біздің Маңғыстаудың, осы түнгі, таңғы салқыны ай! — деп рахаттанады Проценко.

— Иә күндіз қанша қиын болғанымен кешкі самалдан ертеңгі сәскеге дейін тамаша-ақ! — деп қостайды Стремский – Оңай олжа емес, біздің Маңғыстау... .....
Әңгімелер
Толық