Антон Чехов | Ұйқының мең зеңі


Округтік соттың залында сот мәжілісі болып жатыр. Айыпкерлер отыратын жерде ақша жегені және жалғандық жасағаны үшін айыпталған шаршаған кескінді, орта жастағы біреу отыр. Төсі қабысып қалған ап-арық хатшы сылбыр жіңішке дауыспен айыптау актісін оқып тұр. Ол нүкте, үтір дегендеріңді білмейді, бір сарынмен оқып құрғандықтан даусы араның ызыңы немесе бұлақтың сылдыры сияқты естіледі. Мұндай дауыс тыңдаған адамды қиялға шомдырады, өткен күндерін есіне түсіреді немесе ұйықтатады... Соттар, присяжныйлар мен сотқа жиналған халық іштері пысып, бұртиып отыр... Зал іші тым-тырыс. Анда-санда сот дәлізінен біреулердің саспай аттаған дабыры құлаққа шалынады немесе есінеп отырған присяжный ақырын ғана жұдырығына жөтеліп қояды...

Бұйра шашты қорғаушы жағын таянып, жайбарақат қалғып отыр. Хатшының ызыңының әсерімен оның ой жүйесі ыдырап, бет-бетімен кетті.

"Мына сот приставының мұрыны не деген ұзын өзі, - деп ойлады ол жұмылып бара жатқан көзін әрең ашып. - Ақылы жүзінен көрініп тұрған осындай адамның ажарын табиғат неге бұзды екен! Егер адамдардың мұрындары ұзындау, мысалы, екі-үш сажындай болса, онда жұрт сыйыса алмас еді-ау, үйлерді кеңірек етіп салуға тура келер еді-ау...".

Қорғаушы, бөгелек шаққан жылқыдай, басын бір шұлғып тастап, ойын жалғастыра түсті.

"Үйде не болып жатыр екен? Бұл мезгілде әйелім де, енем де, балалар да үйде болушы еді... Балалар Колька мен Зинка, қазір менің кабинетімде шығар - ау... Колька креслода түрегеліп тұрып, төсін үстелдің ернеуіне тіреп, менің қағаздарыма сурет салып жатқан болар. Міне, ол сүйір тұмсық аттың суретін салды, көздің орнына нүкте қойды, қолын созып тұрған адам суретін, қисайған үй суретін салды; Зинка да сол жерде, ағасының салған суретін көргісі келіп мойнын созып тұр... .....
Әңгімелер
Толық