file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Агата Кристи | Метраждан келген ажал


Мисс Полит шығыршық тұтқадан ұстап, коттедждің есігін жайлап тықылдатты. Сәл кідіріп, есікті жайлап қайта қағып еді, сол жақтағы қолтығына қысқан ораулы заты төмен сырғып кетті. Онысын қайта қымтып көтеріп қойды. Әлгінің ішіндегі Спенлоу ханымның жаңадан қысқы маусымға арнап тіккізген жасыл көйлегі болатын. Даяр болған соң кигізіп көруге алып келген.

Метраж, ине-түйреуіштерге арналған жастықша, үлкен іс қайшысы салынған қара жібек матадан тігілген ұзын баулы сөмкесін Мисс Полит сол қарына іле салыпты.

Ол сұңғақ бойлы, ашаңдау, қыр мұрынды, оймақ ерін, жұқалау сары шашты әйел болатын. Есікті үшінші рет соғуға батылы жетпей ойланып тұрғанда, көше жаққа көзі түсіп, жедел басып келе жатқан біреуді байқап калды. Бұл шат көңілді, бетін күн қаққан, жасы елу бестердегі Мисс Хартнелл болатын. Ол зор даусымен әдеттегісінше гүрілдей сөйлеп, «Сәлеметсіз бе, Мисс Полит!» — деді.

Тігінші: «Есенсіз бе, Мисс Хартнелл»,— деп жіңішке әрі құлаққа жағымды үнмен сызыла жауап қатты.— Кешіріңіз,— деді ол сөзін қайта сабақтап,— сіз Спенлоу ханымның үйде бар-жоғын білмейсіз бе?

— Мүлде бейхабармын,— деді Мисс Хартнелл.

— Ептеп ыңғайсыз болып тұрғаны. Спенлоу ханымның жаңа тігілген көйлегін кигізіп көруге алып келіп едім. Үш жарымға келіскен едік. .....
Әңгімелер
Толық