Агата Кристи | Арзан пәтердің сыры

Осыған дейін мен қағазға түсірген уақиғаларда, мейлі ұрлық жайлы болсын, мейлі кісі өліміне байланысты болсын, Пуароның әрекеті ең алдымен негізгі айғақты тексеруден басталып, шегіне жеткенше тарқатылып, жүйелі желімен өрбитін. Ал әңгіме еткелі отырған мына жағдай бәрінен ерекшелеу. Мұнда уақиғалар тізбегі ең әуелі Пуароның назарына іліккен қарапайым ұсақ-түйектерден өрбіп, адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін небір сорақы қылықтармен шектеледі.

Бірде кешкісін ескі досым Джеральд Паркердің үйінде отырғанбыз. Менімен үй иесінен бөлек тағы да бес-алты адам бар-тын. Әдетте Паркер отырған жерде әңгіме қалайда баспана іздеу мәселесіне қарай ойысатын. Бұл жолы да дәл солай болып шықты. Әңгіме арқауы Лондоннан пәтер іздеп табудың қиындығы жайында болатын. Баспана.іздеу, пәтер ауыстыру Паркердің үйреншікті кәсібіне айналған еді. Соғыстан1 бергі уақыт ішінде - ол ең кемінде бес-алты пәтер ауыстырған. Бір.жерге қонар-қонбастан және бір арзан үйге ықыласы ауып, дүние-мүлкін арқалап көше жөнелетін. Дегенмен әрбір көшіп-қону оған аз да болса пайда келтіретін. Ал шынына келгенде, пәтер ауыстыру енді оған пайда табудың көзі емес, күнделікті әдетіне айналып кеткен еді. .....
Әңгімелер
Толық