file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ілияс Жансүгіров | 1916 жыл деректері

«25-маусым жарлығы» елдің төбесінен түскендей болды. Мұны бұрын жергілікті билеу мекемесіндегі өкімет қызметкерлері де білмеді. Өкімет қызметкерлері бұл жарлыққа ресми жағынан қарап, «сөзсіз атқаруға тиіс» деген «үлкен жарлық» есебінде қарады. Жергілікті халықтың жан сырымен санасу, жарлық аяғының қандай халге соғатыны олардың есінде болған жоқ. Жарлық келісімен Алматыда «жандарал» Фольбаум басқаруында өкімет адамдарының тығыз кеңесі болды да (1916 жыл, 1-шілдеде), «сөзсіз атқаруға кірісу керек» делінді.

«Жандарал» жергілікті халықтың «инабаттыларын» жинап алып, жігіт алудың мәнісін түсіндірді. Жетісудан алынатын жігіт саны 43000 (қырық үш мың) жан еді. Бұл жігіттерді дуан-дуанға, болыс-болысқа, ауылға бәліп, әр болыс өз жігітін киіндіріп, тұрмандап жөнелтпек еді. Жігіт алу жобасы осылай жасалды.

Ояз-оязға болыстар, инабатты ақсақалдар, қадірлі адамдар арқылы түсіндіруге, жігіт алуға кірісуге облыстан жарлық қылынды. Алматы оязының «инабатты адамдарын» жинап, «жандарал» жарлық жайын ұғындырғанда жиналғандар түйткілденіп: «жұртпен ақылдасалық, көп біледі ғой» десе дағы «жандаралдан» сескеніп «берелікке» келіп тарқайды. .....
Әңгімелер
Толық