Ғабиден Қожахмет | Мектептің ұстаздары


Фольклорлық материалдар жинап, тәжірибеден өтіп жүрген бір топ студент Жанділда ағайдың үйіне таңертең ертелетіп келгенінде, ұстаз сонда таңғы шайын ішіп дастарқан басында отыр еді. Жанділда ағай студенттерді Нұғыман ағайға бастап ертіп бармақ болатын. Өйткені студенттер ардагер ұстаз Нұғыман ағайдан әңгіме сұрамақ. Ал Жанділда ағайдың өзі бұл кезде мектепте әлі сабақ беріп жүрген кезі еді.

Ғылымның жаратылыстану бағытындағы биолог деген мамандар бақа-шаян, жәндік атаулыға үйір келетін көрінеді. Қыбыр-қыбыр етіп жатқан жәндікті көрсе, жанынан айналсоқтап, үйіріліп шықпай соның тыныс-тіршілігін үлкейткіш шынымен күнұзақ бақылап отыруға бар дейді. Ал филологтардың мақсаты басқа, филологтың діттегені – сөз. Қай жерде есті сөз бар, қай жерде ескі сөз бар, ат-көліксіз, жаяулатып, жалпылатып жетсе де, барып жазып ала қоймақ. Есті сөз жерде қалмасын дейді ғой. Биолог пен филологтың бірінің жәндік атаулыға үйір келетін мінезіне қарай, бірінің сөз іздеп, сөзге үйір келетін мінезіне қарай өзге факультеттің студенттері оларға «естфак – бақа-шаян, филфак – өсек-аяң» деп қалжыңдайды екен. Мына осындай мақсаттағы фольклорлық материалдар жинап жүрген Қызылорда пединституты студенттерінің бір тобы Қожабақы ауылына келіп түскен еді. Филология факультетінде оқитын студенттер 1-курс бітіргеннен кейін фольклорлық тәжірибеден өтетін, ал 2-курс бітіргеннен кейін диалект сөздер жинау тәжірибесінен өтеді. 3-курс бітіргеннен кейін өзге педагог мамандықтары секілді лагерьлерде баламен жұмыс істеу тәжірибесінен өтеді, ал 4, 5-курстарында қаланың мектептеріне барып оқушыға сабақ беріп көру тәжірибесінен өтетін. .....
Әңгімелер
Толық