Ғабиден Қожахмет | Іні

Әкеңнің кіші інісі ол бала сауатты бұғалдір болды, - дейді апасы.

- Қайбір жылы Жамбыл жаққа да барып қызмет істеп қайтты. Сонда Жамбылдың жігіттері жақсы сыйлаған деп отыратын білетін жұрт. Өзі жақсы болса, қай жердің жігіттері де сыйлайды ғой. Бәрі бір қазақтың баласы емес пе? Ана үлкен ұлына Байқадам деп ат қойса, сол жамбылдықтардың құрметіне қойылған есім. Жамбылдың Байқадам деген жері бар екен.Осы күні гармонь ойнап отырасың ғой. Ана бөлмеде гармонь ойнап отырасың. Соны мына бөлмеде жатып тыңдап жатамын ойнап отырғаныңды. Сол бала ойнаушы еді гармоньды. Ол баланың өзі мінезі тентек болды. Бірақ ағасына қарсы бір ауыз сөйлемейтін. Әкең қызметінен келіп, түсте демалып жатады ғой. Ол гармоньның даусын жақтыртпайды. "Әй, құртшы ана бәлені!" Сонда ана бала гармонын құшақтаған күйі лып етіп ұшып тұрады. Далаға шығып, көгал шөптің үстінде отырып ойнап отыратын. Сондай құмар еді гармоньға.

.....
Әңгімелер
Толық