Қазақ емлесіндегі кейбір дауысты дыбыстардың қолданылу
Тілдің өсу, даму, жетілуімен, жалпы жазу мәдениетінің жетілуімен тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелері де бірте-бірте өңделіп, жетіліп отырады. Қандай тілдің болмасын орфографиясын түзеуде негізгі екі принцип болады: а) морфологиялық принцип; ә) фонетикалық принцип. 1940 жылға дейін қазақ тілінің орфографиялық ережелері фонетикалық принципке сүйеніп құрылды, яғни қазақ тіліндегі сөздер қалай естілсе, сол күйінде жазылатын болды. Қазақ тіліндегі сөздер үндестік заңы бойынша бірыңғай не жуан, не жіңішке түрде айтылады, жазылады. Осы үндестік заңына сай фонетикалық принцип бірден-бір дұрыс принцип болып көрінгенмен жеке сөздерді жазуда бірыңғай сауатты жазуды қиындатты. Өйткені қазақтың байырғы сөздерінің өзін әркім әр түрлі айтады да, әр түрлі жазатын болды. Әсіресе орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін фонетикалық принцип қолайсыз болды. Мысалы: совет, деген сөз собет, сәбет күйінде, институт деген сөз инстөт, үнстөт, енситөт күйінде, газет – газит, кәзит, казет т.б. күйінде жазылып келді.
1940 жылы қазақ тілінің жазу ережелеріндегі фонетикалық принциптің кемшіліктері ескеріліп, тіліміздегі сөздер морфологиялық-фонетикалық принципке негізделіп жазылатын жаңа орфографиялық ереже қабылданды. Морфологиялық принцип деп тілдегі сөздер айтылуынша, естілуінше құбылып жазылмай, әрбір сөздің бастапқы түбір тұлғасы мен қосымшалардың тұлғасын сақтап жазуды айтады. Мысалы: басшы (башшы емес), қашса (қашша емес), түнгі (түңгі емес), айта алмай (айталмай емес), келе алмай (келалмай емес), Аманкелді (Амангелді емес), шекара (шегара емес), ақ ешкі (ағ ешкі емес), кім келді (кім гелді емес) т.б.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың біразы орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы айтса, елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығы да сәтті болмақ.
Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың көбісі орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы мақалалар көптеп жарық көруде. Түбінде жаңа әліпбиге көшетініміз кәміл. Себебі бұл елбасының тапсырмасы. Оған дейін қазіргі әліпбиіміздің бірсыпыра жерлерін жөнге келтіру керек болады. Біз осы тақырыпта кейбір дауысты дыбыстардың қолданылуы жайында сөз қозғамақпыз. .....
Әңгімелер