Әзиз Несин | Таксидің есігі

«Куртулушқа барамын!» — деп шофер айқай салған сәтте-ақ мен таксидің есігіне жармаса кеттім. Добалдай тұтқасынан шап беріп бұрай бастадым, бірақ есік ашыла қоймады. Тұтқа тырп етпей тұрып алды.

— Солға бұра! — деп ақыл берді шофер.

Солқылдатып солға қарай тарттым. Былқ етпеді.

Шофер:

— Солға деп отырмын ғой, бей-ay, солға! Сен, немене, солдатта болған жоқ па едің? — деп айқайлады.

Апырым-ау, мен оң жағым қайсысы, сол жағым қайсысы екенін шынымен ұмытып қалғанмын ба деп ойладым.

Біздің долмұштың соңынан жеткен жеңіл машиналар, автобустар, жүк машиналары іркес-тіркес ошарылып қалыпты. Жол сілтеуші шыбын жаны шырқырап ысқырып тұр.

Солға қарай бұрасаңшы!

— Бауырым-ау, бұралмай тұрған жоқ па!

Шофер созып қол ұшын тигізді де, есікті аша салды, мен кіріп отыра қалдым. Машина орнынан қозғалды. Шофер да бұрқырай жөнелді: «Үлкеннің тамағын ішіп, баланың ісін істейтіндер толып жатыр! Ата сақал ауыздарына біткенше оң мен солын айырмайды. Солар-ақ шашымды ағартты. Түкке тұрмайтын нәрсе: солға бұрап қалсаң болды,— есік ашық...» .....
Әңгімелер
Толық