Есей Жеңісұлы | Аяулы
Танысу бұрышынан «Алматы» деген сілтемені тауып алды. «Я — парень», «Я ищу девушку», «В возрасте — от 18 до...»
— Өзіммен жастыларға дейін іздейін, үлкендерді қайтемін? — деп тез ойланды да, «до __» деген түйменің тұсына 22 санын енгізе қойды.
«Цель знакомства»... «Для серьезных отношений».
Енді «іздеу» деген нүктені басса болғаны. Жоқ-жоқ, суреттерімен қоса іздеген дұрыс.
Көз алдына самсап шыға келді. Түу, не деген көп! Жымиып қойды Жұмат.
Жұмыс арасындағы осындай бір жан шақырған сәттерде Жұматтың ғаламтор ақтаратын әдеті. Басқа-басқа, Жұмекең сияқты жұмбақ жандарға бұл әлемдік желі рақат болды. Монитор алдында өзінің бұйығы, сабырлы мінезінен түгел көз жазып, батыр, сөйлеуік, айтқыш болып кетеді. Әсіресе, осы танысу бұрышы керемет! Қыз бетіне өздігінен қарай алмайтындар үшін таптырмайтын ермек. Бірақ Жұмат бұған ермек деп қараған емес. Жүрегінің түбінде бір үміт жатыр — танысу бұрыштарынан... өзіне жар тауып алғысы келеді. Сондықтан да осы сайтта — Жұмат айтқыш, Жұмат аңқылдақ.
Бірақ жұрттың бәрі өзіндей ақтарылмайтынын өткен жолы ұғыңқырап қалған. Шашы карэ үлгісінде қиылған әдемі қыздың суреті бірден көз тартты. Жасы жиырма бірде екен. Жұматтың қазақша жазған хатына да тез жауап қатты. Ал бұл желіде қазақша сөйлесетіндер сирек. Сонысымен-ақ жақын тарта түсті сұлу қыз. Аты Жанат екен. Екеуі бір күн бойы жақсы сөйлесті. Бір қараса, Жұмат өзі жайлы барлығын айтып тастапты. Өзінің жалғыз ұл екенін, анасы мен әкесінің ауылда екенін, бұған көп үміт артатынын, солардың сенімін ақтауға тырысатынын... әй, қойшы, шертпеген сыры жоқ. .....

Әңгімелер