ҰБТ. Әдебиет пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

Бүгінгі кеңестер бесінші пән ретінде әдебиет пәнін таңдаған түлектерге арналады. Әдебиетке дайындалу – біреулер үшін ләззат, ал екіншілерге – азап, басқалары жалқаулықты жеңе алмай әбігерге түседі. Себебі, бұл пән өзін сүйіп оқығанға ғана қолжетімді. Егер, әдебиетті жақсы көрмесеңіз, жоғары балл аламын деуіңіз бекершілік. Мейлі, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырдыңыз делік, онан кейінгі оқу-білімнің барлығы да шығармашылықпен, көркем туындылармен байланысты болғандықтан, үлкен жетістіктерге жетуіңіз екі талай. Келісесіз бе? Ендеше, сізді бұл пәнді жан қалауыңызбен таңдады деп ойлаймыз. Ары қарай "Әдебиетке қалай дайындаламын?, "Дайындықты неден бастаған дұрыс?", "Жоғары балла жинау мүмкін бе?" деген сауалдарыңызға жауап.....
Кеңестер | kz
Толық

ҰБТ. Орыс тілі пәніне қалай дайындалған дұрыс?

Орыс тілі пәніне арналған дайындық қиындық тудырады деп айтуға келмейді. Өйткені "үлгерімі жақсы оқушылар болмаса, ұпайын бәрібірде алып тастайды" деп дайындалмайтын балалар бар. Кей оқушы оны қазақ тілі пәнімен салыстыра отырып та шешіп жатады. Жарқын болашақтың білімге негізделетіндігін ескере отырып, білімді болуға білек сыбана кірісетін кез келген сияқты.

Олай болса, "орыс тілі пәніне қалай дайындаламыз?", "бұл пәнге көп уақыт жұмсаған дұрыс па?" сынды сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

1. Орыс тілі пәнінен жоғары балл алғыңыз келсе, ең бірінші есте сақтау қабілетіңіз бен байқағыштығыңызды іске қосыңыз. Өйткені ондағы әрбір ережені сақадай сай етіп жаттап алуыңыз керек. Мұнымен қатар, дайындық тестілердің.....
Кеңестер | kz
Толық

ҰБТ. Қазақстан тарихы пәніне қалай дайындалған дұрыс?

Бұл пәнді оңай немесе қиын деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені оны сүйіп оқитын немесе әр оқиғаны түсінуге қиналатын оқушылар да бар. Кейбірі "ол даталар мен оқиғаларды болашақта пайдаланбаймыз, оны жаттаудың да ешқандай қажеті жоқ. Бәрібір де ұмытып қаламыз" дейді. Бұлай қарсыласудың қажеті жоқ шығар. Себебі, уақытты босқа жоғалтамыз. Ал оны оқуға міндеттіміз. Өйткені, өткен тарихын білмеген адам болашаққа сенімді қадам баса алмайды. Өзге пәндердегідей Қазақстан тарихы балының жоғары болуы тек дайындығымызға байланысты. Оған уақытты дұрыстап бөлейік. Ал бұл пәнге қалай дайындалған дұрыс? Назарларыңызға осыған байланысты бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Жауаптарды түсінбей жаттауға болмайды. Тест кезінде дәл сол сұрақтың ішіндегі сөздерді.......
Кеңестер | kz
Толық

ҰБТ-ға қалай дайындалу керек?

Осы сұрақты әрбір түлек  өзіне қоятын шығар. Мен де бір жыл бұрын ҰБТ туралы барлық сайттарды ақтарып,  баспасөздегі мақалалардың бірін қалдырмай оқып, өзімнен бұрын оқып кеткен достарымнан, туысқандарымнан сұрай беретінмін. Кішкене қауесет тараса, соған сеніп, министрге хат жазуға дейін....
Кеңестер | kz
Толық