Этнопедагогика | Қазақ этнопедогогикасының ғылыми теориялық мәселелері

Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі екендігі белгілі...
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген - чуваш ғалымы Г.Н.Волков.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Этнопедагогика - халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.
Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшілігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениеттіндегі көрінісі.
Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешіліктер мен ұлтгық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Этнопедагогиканың өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтары бар, яғни ол жалпы және даралық заңдылықтар болып бөлінеді:
Жалпы заңдылық - этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуын, оның қайта құрылу тәуелділігін анықтайды.
Даралық заңдылық - этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді.
ІІ. Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар
Этнопедагогика ғылымы халық педагогикасын зерттейтін ғылым болғандықган, басқа ғылымдар сияқты, бұл ғылымның да негізгі ұғымдары бар. Төменде соларға анықтама берілген.
1. Әдеп-ғұрып дегеніміз - белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің бір түрі. Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін қалайды.
Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл.
2. Салт - адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық өмірдегі қатынаста)
Жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, рух тайпаға ортақ рәсімге айналады.....
Рефераттар
Толық

Педогогика | Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы

Педагогика "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары "даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет?
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Педогогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістемесі

Жастарды кәсіби оқытудын жан - жақты аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына ылайық қарастырылады. Осыған байлаиысты бағдарламалар жасалынып жалпы білім беретін мектептерге өндірілді. Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнына бірінші рет болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдауда жан - жақты ойлануы; екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басынын идеялық, өнегелік және азаматтық сандыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселелнің бірі оқушыларда. мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Сонымен, мектеп - жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір қатарға тұратын болып отыр. Дегенмек, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен дидактикалық оқыту құралдарын дайындау оларды эксиерименттік тәжірибеден өткізу: олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы) туындағы отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми -техникалық прогрестің қазіргі даму тенденциясын, техника -технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информациялық; технологияның пайдалану аумағын, осылардың негізінде оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы жане жаңа технологиялардын енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріліп оқушылардың 2-3 мамандықты меңгеруіне қажеттілігі де туындайды.,
Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні зерттеу тақырыбын:
"Жалпы ОЛАЙ беретін мектепте мамандығына оқытудың педагогикалық негіздері" бағытында талап етеді, ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары

І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебіндегі
педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған
жылдық жұмыс жоспары

Тақырыбы: Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығын, дамуын есепке алып, жеке тұлғаның ерекшелігін жан - жақты зерттеп, жан дүниесін дамыту.
Ата – аналар мен ұстаздардың қарым - қатынастарын жақсарту, психологиялық - педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Мақсаты:
• Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру.....
kz
Толық