file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Аспириннің пайдасы мол

✅ Жақсы көретін ақ блузкаңда тер дағы қалып, кетпей қойса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, шыныаяқтың жартысына жылы су құйып, араластыр. Кірленген жерге осы ерітіндіні құйып, екі-үш сағат солай қалдыр. Кірленген жері өзі-ақ ағарып шығады.

✅ Көпшілік бетке шыққан безеуден көп қиналады. Бір түйір аспиринді ұнтақтап, суға саласың да, безеуге жағып, екі минут ұстайсың. Осылай бірнеше рет қайтала.

✅ Қайызғақ мазаңды алса, екі түйір аспиринді ұнтақтап, бас жуар кезде кәдуілгі сусабынға қосып, бір-екі минут ұстап, артынша таза сумен шай.

✅ Аспирин бақшаға да пайдалы. Ұсақталған аспирин тамыр жүйесіне қуат береді, суға ерітілген аспиринмен бүлінген топырақты өңдейді.

✅ Раушан және басқа үзіп алынған гүлдер ұзақ сақталу үшін, су құйылған құмыраға бір түйір аспиринді салып жібер. Тек суды ауыстырып тұруды ұмытпа.......
Кеңестер
Толық