Құдағи табақ

Құдағи табақ – қазақтың құдағи күту жолында, дастархан жаю салтында да үлкен жол бар, тәртіпті мән мағына бар. Ері қайтыс болған, құда жоқ, құдағи ғана келгенде, «құданың жолы», «өлі-тірінің сыбағасы» деп бас, жамбас, омыртқа, арқа, белдеме, қазы-қарта, жал-жая, қарын, қимай, ортан жілік, жауырын, құйрық-бауыр салынған үлкен сый табақ тартады. Мұны қазақ кәдесінде «құдағи табақ» деп атайды.

Ал, ері тірі әйелдерге әдетте бас тартпайды. «Бас тартса, байы өледі» деп ырымдайды. Әкесі тірі балалар да бас мұжымайды, жемейді, басты қолына да алмайды. «Әкем тірі, бас мұжымаймын» деп жатады.......
Кеңестер
Толық