Кітапты қалай күтеміз

Адамның рухани жан азығы саналатын кітапты оқуға дағдылану әрі оның таңдап-талдап оқу қаншалықты пайдалы болса, оны асыл мұрадай сақтап, күтіп ұстау да соншалықты қажет нәрсе.

Кітап дүниеге оңайлықпен келмейді, оған да зор еңбек сіңіріледі. Сол қасиетіне орай оның бағалылығы артады. Жақсы кітап қолдан қолға тиіп, көп ұсталуына қарай кірленіп, тоза бастайды. Кітапты мұндай күйге түсірмес үшін, аса ұқыптылықпен қарап, дұрыс пайдалану керек. Оқыған сайын кітаптың сыртқы мұқабасын қаптап, парақтағанда саусақты суламай, ептеп ашса, оқып келген жерін қайырмай, арасына қалың нәрсе қоймай, оның орнына кішкентай қағаз салып қойса, кітап көпке дейін жақсы сақталады.......
Кеңестер
Толық