Безеуге қарсы аспирин маскасы

✅ Аспирин маскасы – бет терісін оңай және жылдам жақсартуға таптырмас, арзан маска. Кез келген дәріханадан табылатын аспириннен пайдалы маска жасауға болатынын көпшілік біле бермейді.

✅ Аспирин майлы бет терісін құрғатып, безеудің алдын алады. Егер бет терісі құрғақ болса, аспириннің өзінен ғана жасалған масканы қолданбаған дұрыс. Эпидермисті нәрлендіру үшін аспирин маскасына ара балын қосқан жөн. Мұндай маска ерекше күтімді қажет ететін проблемалы тері үшін өте пайдалы, сонымен қатар, бет терісін безеулерден арылтып, теріні тегістейді, әрі ондағы ұсақ тесіктерді тазалайды. Масканы бетке жақпас бұрын одан қандай да бір аллергия болмайтынына көз жеткізу керек. Ол үшін дайын маска қоймалжыңын аздап қолдың сыртына жағып көріңіз.......
Кеңестер
Толық