file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады
Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады.
Сондай әдістердің бірі – саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, мынадай қызықты фактілерді анықтады.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:

А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.

В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі. ......
Кеңестер
Толық