Қазіргі заманда қыздың жасауына үлкен мән беріледі. Заман өзгергенімен де салт-дәстүріміз сол күйінде сақталып келеді. Қазіргі күні салт-дәстүрге көп мән беріліп келеді. Егемендік алғалы өз салт-дәстүрімізді қайтадан ұстанып келеміз. Ұзатылар қыздың ең басты көрсеткіші ол — жасауы. Сондықтан есі бар қыз әрқашанда өз жасауын өзі жинақтауы керек.
Себебі, жасау 1- ден қыздың көрсеткіші, 2- ден көп шығынды талап ететін басты мәселе. Қазақта айтады: «6 жастан жинасаң артылады, 7 жастан жинасаң жетеді» деп, сондықтан мен үйленгенше қайда....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Осыдан жиырма жыл бұрын адамдар «Желі ұстамай тұр», «Менің телефоныма ақша салшы», «Саған жаңа ғана телефонмен хат жібердім, алдың ба?» немесе «Телефонымды үйге қалдырып кетіппін, хабарласа алмадым» дегенді естісе, ақыл-есі ауысқан деп ойлауы мүмкін еді. Қазір ұялы телефонсыз өзімізді жалаңаш қалғандай сезінеміз. Почтаны тексеріп, чатқа шығып, баратын мекен-жайымыз туралы білуді смартфонсыз елестете алмаймыз.
Алайда, мұндай «ғажайып құрылғы» әрқашан арзан болмаған, қазіргі «трубкалар» да қымбат. Біз ұялы байланыс пен қосымша қызметтер мен қосымшаларына өзіміз байқамастан әжептәуір қаражат жұмсаймыз. Өзіміз бен айналамыздағы.....
«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі!» Қайрат Нұртастың киелі сахнаға шыққандағы халықпен амандасуы әуел бастан осылай қалыптасты. Қайрат – өзге тілден бұрын, өз тілін құрметтейтін, өз елінің мәдениетін өзге мемлекеттерге дәріптей алатын тұлға. Оның шетелге шыққанда тек қазақ тілінде жеке концерт беретіні қайсыбір өнер жұлдыздары үшін үлгі болатындай-ақ дүние.
Бүгінде Қайрат Нұртас тек қазақ тілінде ғана ән айтып жалпақ жұртқа танымал болуға болатынын дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы ол Ресейдің Орынборына барып, тек қазақ тілінде жеке концертін берді. Сол кездері Ресейдің БАҚ өкілдері Қайраттың Орынбор халқының жүрегін қазақша әндерімен баурап алып, сахнаны «жарып» жібере жаздағанын жарыса жазды. Бір бұл емес, ол көптеген елдерде қазақтың мәртебесін асырып жүр.
Жалпы, Қайрат Нұртастың өзіндік феномені әлдеқашан қалыптасқан. Санамалап көрсек, ол тек қазақ тілінде сөйлейді, қазақша ойлайды, қазақша ән айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол қазаққа.....