Математика | Математиканы оқыту әдістемесі оның мәні

Математиканы оқыту әдістемесі ( методикасы ) - педагогиканың бір саласы. Ол математика ғылымының белгілі бір даму дәрежесіне лайық қоғамның алға қойған оқыту мақсаттарына сай математиканы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Методика (әдістеме) терминінің төркіні «метод» «әдіс» - «жол» деген грек сөзінен шыққан. Математика әдістемесін басқаша «математика педагогикасы», «математика дидактикасы» деп те атайды. Олардың мағынасы бір-біріне өте жақын, сондықтан да оларды біз бір мағынада қолданамыз.
Математиканы оқыту әдістемесі ең алдымен математика ғылымымен тікелей байланысты дамиды. Сондықтан да математика әдістемесінің мазмұны мен даму барысын дұрыс бағдарлап түсіну үшін математика ғылымының даму тарихынан мағлұматтар білу қажет.
Математика ақиқат дүниенің кеңістіктік формалар мен мөлшерлік қатынастарын зерттейді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдерін тарих сабағында оқыту әдістері

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны оқытудың жолдары

Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.
Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.
Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты - жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.
Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. .....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер).
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.
Осы менен екеуі
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып,
Қылышпенен салысты.
Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Рефераттар
Толық

Мектепке дейінгі оқыту | БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. ....
Рефераттар
Толық

Мектепке дейінгі оқыту | Балабақшадағы психологиялық қызмет

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Рефераттар
Толық

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Перспективалық жоспар
Ересектер тобы
Қыркүйек айы
Өтпелі тақырып «Балабақша»
Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері:
-«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
- «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары

Кіріспе
География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады. Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ұлт мектептерінде қазақ тілі сабағында ауызша тіл дамыту тілді оқытудағы негізгі мақсат

КІРІСПЕ
Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады.
Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық