Оян, қазақ!

Еуразияның бесігі, қазба байлыққа мол жер-Қазақстан.Бірақ неге соның барлығын біз дұрыстап пайдалана алмаймыз?Халық кез-келген нәрсені билікте отырған кісілерге жабады."Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста" деген сөз бар емес пе?Неліктен ең алдымен өзіміз өзгермеске?

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.,-деп жырлаған, жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген Міржақып Дулатұлының "Оян, қазақ" өлеңіндегі мәселе қазір де орын алайын деп отыр.Бір айырмашылығы қазіргі заманда оқимын десең тегін мектеп, тұрамын десең баспана бар.Демек,ешқандай проблема жоқ. Нағыз проблема қоғам жалқауланып кеткенбе?Ата-бабамыз қаншама ғасырлар бойы өскелең ұрпақ үшін, болашақ үшін жанын қиып, елін қорғады.Қанша жерден қиналса да ешқашан берілмеді.Он жетінші ғасырлардан бастап жоңғарлардан қорлық көріп, екі жарым миллион халқынан айырылды, сонда да елім деп берілмеді.Азаттық үшін күресті.Қарақұмдағы өткен құрылтайдағы Бөгенбай батырдың:
«Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» деген сөзі ше?Осы сөздерден-ақ ата-бабамыздың ерлігін сезінуге болады.Бұнымен бәрі біте қойған жоқ, 1928 жылдан бастап Сталиндік репрессия басталды......
Эсселер
Толық

Оян қазақ! Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Оян қазақ! Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң»
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық: шығарманы түсініп оқиды, мазмұнын айтады,
Көптеген оқушылар: кейіпкерге мінездеме береді, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; әдеби көркемдегіш құралдарды табады.
Кейбір оқушылар: мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды, кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды, іс-әрекеті туралы ойын айтады;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала....
Өлеңдер
Толық

Қоян

Сыбдырынан қоянның
Түнде шошып ояндым
Жібек тоны мамықтай
Шешеді ол қамықпай.

Жазда қорқақ сол қоян
Шөп ішінде бұғады
Қыста ақ тон киіп ап
Ақ қардай боп шығады.
Тақпақтар
Толық

Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі


XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз.
Бұл екі шығарма авторының да негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
Осы сынды А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қ .....
Әңгімелер
Толық