Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып. ....
Өлеңдер
Толық

Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,
Құдайым айтқызбасын өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,
Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,
Аяңдап сол аяғыммен қоян алдым.
Қоянның бір әйдігін көрдім сонда,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.....
Өлеңдер
Толық

Өтесің, қайран заман-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде ырғи-қырғи,ырғи-қырғи,
Қанаты құйрығынан ұзын қырғи.
Барынды оралыңның ойна да күл,
Барады өтіп заман сырғи-сырғи,
Өтесің, қайран заман-ай!

Базардан алып келген алтын сақа,
Күлмесем,ойнамасам ішім қапа.
Барында оралыңның ойна да күл,....
Өлеңдер
Толық

Фотодағы бейтаныс адам

Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Кішкентайымнан атамның арқасынан түспейтін едім, бірге бұзау айдап, соңынан бір елі қалмайтынмын. Жаздың бір жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Атамның үйінде өзім қожа, өзім би едім. Олардың бар ермегі мен болсам, менің ермегім – үйде жиналған ыдыс сөрелерін, әжемнің әбдіресін, атамның заттарын тамашалау. Әсіресе мені қызықтыратыны шаң басқан чемодандарды ашып, атамның ескі заттарын ақтарып, өзімше бір тексеріс жасау еді. Сондай кезекті тексерістердің бірінде қолыма фото тиді, фотодан атама ұқсайтын бір адамды көрдім. Сарғайып, бір шеті жыртылып та қалған ескі фото болатын. Қолыма алдым да, атама қарай жүгірдім. Қасына барып, кім екендігін сұрадым. Атам суретке ұзақ қарап, қасына жайғасуды ұсынды. Кейін: - Бұл менің әкем, - деп бастады сөз басын. Алмамбетов Сәрсенбек - Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1941 жылы соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылады. Бірінші Украина майданында жаяу әскер бөлімінің 248моторланған атқыштар полкінде болып,Украина жерін жаудан азат етуге қатысқан. Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жүрек астынан оқ өтіп, екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Жеңіске 40, 50 жыл» сияқты медальдармен марапатталған. Бүгінгі көк аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз - осы адамдардың арқасы. Сен атаңмен мақтануының керек, - деген болатын. .....
Шығармалар
Толық

Күтумен өткен өмір

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына шығарма жазу туралы ұстазым тапсырма берді . Көп ойландым. Кенет, нағашы атамның үйіндегі сурет есіме түсті... Нағашы атамның үйінде төрде екі сурет тұр. Анасы мен баласы... Олар кездескен - ау...
Күлімсіреп тұр... Атам болса, ағасы әскерге кеткенде 4-5 жастағы кішкене сәби екен.Ағасы кетерінде көтеріп алып, бетінен сүйіп тұрып «Әке - шешемізді сен бағасың» деген екен даусы толқығандай дірілдеп шығып..
Ағасы хатты өлеңдетіп жазады екен.Барлық хатында да ата - анасын кішкентай ғана інісіне тапсырып,үлкен адамға айтқандай ақыл айтумен болыпты.Сірә, оралмайтынын сезген шығар.... Атам хаттарды әлі сақтап жүр. «Анамның аманаты ғой»,- дейді. Анасы барлығын да жаттап алған екен, сонда да ақжемі шығып,қиылып кеткен хаттарды қайта - қайта оқыта береді екен.Тұңғышына деген сағынышын солай басқан шығар... Суретте жап - жас жігіт күлімсіреп тұр.Мен ол кісі туралы бұрын да естуші едім.
Ал енді, ұлы әжемнің сағынышы маған ауысқан сияқты.Ойымнан шықпай қойды. Ауылда есіл ерлерге арналған монумент - ескерткіш бар.Онда Рай көкенің де есімі қашалып жазылған.Бірақ ұлы әжеміз «Үкімет те қателеседі ғой, менің жүрегім сезеді. Балам тірі.. Бір күні келеді....
Шығармалар
Толық

Отты жылдар шежіресі

«Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.»
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық

Ұлы Отан Соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин

Ұлы Отан Соғысы ... Кімге де болса қиыншылық көрсеткен сұрапыл жылдар. Ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен есіл ерлерде шек жоқ. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова т.б қазақ батырлары өлшеусіз үлес қосты. Осындай ерлік көрсеткен ұлы тұлғаның бірі- Мәлік Ғабдуллин. Ол 1915 жылы 15 қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. 14 жасынан бастап атақты Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1941-1945 жылдары Кеңес әскерінің генерал Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан Соғысына қатысты. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. 1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады. Соғыс кезінде қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға қамқоршы аға болады....
Шығармалар
Толық

Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын талдау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын талдау...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.1.2 – отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау;
7.1.2.1 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау;
Сабақтың мақсаты: Патша өкіметінің қоныстандыру саясатының негізінде қазақ қоғамындағы өзгерістерді талдайды....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық