Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр. Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау , қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек. ....
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр. Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау , қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек. ....
Кіріспе Бүгінгі таңда қазақ әдеби тілі мен жалпыхалықтық тілдің арасындағы сабақтастыққа көп көңіл бөліну үстінде. Себебі, жалпыхалықтық тіл көркем әдебиеттің қайнар көзі болып табылады. Ақын-жазушылар өз шығармаларында әдеби тілді де жалпыхалықтық тілді де өз ойларын жеткізу үшін ұтымды пайдалануға тырысады. Бұл талпыныстардың кейде сәтті шығатындары да бар, кейде олар шығарманың мазмұндық құрылымына нұқсан келтіріп тұрады. Сондықтан, жалпыхалықтық тіл мен әдеби тілдің арасындағы нәзік сабақтастықты үзіп алмай, олардың орнын тауып пайдаланғанның табысты болары анық. Тілдік қордың толығуы, тілдік бірліктердің молаюы сияқты процесс осындай байланыстардың арқасында жүзеге асады. Сондықтан, жекелеген жазушылардың, ақындардың өз шығармаларында тілдік бірліктерді қалай қолдана алатындығына қарай олардың жеке стильдік ерекшеліктері сараланады, автор ретіндегі шеберлігі айқындалады. Қазақ әдебиеті соңғы жылдары тек толысу, даму белесінде болғаны мәлім. ХХ ғасырда негізі қаланып, жүйелі түрде қалыптасса да, әлем әдебиетінің кез келген озық үлгілерінен кем түспейтін туындылар жазылып, талай елдердің тілдеріне аударылды, талай адамдар сүйсіне оқитын болды. Осының бәрі шындығына келгенде, жазушылардың жеке шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты екенін ескергеніміз жөн. Жергілікті тіл ерекшеліктері мен аймақтық лексиканы әдеби тіл деңгейіне дейін көтеріп, оқырмандарына жол тапқан ақын-жазушылар жетерлік. Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжан сияқты ғалымдарды міне, осы тұрғыдан келгенде бағалауымызға негіз бар. Әсіресе, Оралхан Бөкейдің бұл саладағы жетістіктері өте мол. Жазушының өткен ғасырдың 70 жылдары прозада қарымды еңбек етуі қайталанбас дүниелердің қазақ әдебиетіне қосылуына себеп болды. Оның шығармаларының тілдік ерекшеліктерін танып-білу де өз алдына бір әлем. О. Бөкей қазақ тілінің құнарын, шұрайын мейлінше сарқа пайдаланған жазушы болып есептеледі. Бұл кезінде көптеген ғалымдардың назарына да іліккен. Академик Р. Сыздық пікір білдіргендей, «Авторлық даралықты, жазушының өз қолтаңбасын танытатын стильдік амалдың бірі – кейіпкерлерді сөйлету, ойлату тұстары. Бұл саладан қарағанда, О. Бөкей тілге аса бір ұқыптылықпен қарайтын, сәйкестік, орындылық дегендерге интуициясы мен білігі күшті қаламгер екендігі көрінеді» [ Сыздықова Р. Ғ. «Қазақ әдеби тілінің тарихы.» Алматы, Ана тілі, 1993]. Оралхан Бөкей Алтай өңіріндегі көпке танылмай, ұмытылып бара жатқан сөздерді әдеби тілге әкеліп қосты. Рас, кейбір жазушылар оның бұл қадамынан мін тауып, кемшіліктерін көрсетіп те жатты. Алайда сөздің бейнелілігін неше түрлі көркемдік тәсілдермен жеткізу, шығармада әр жолда тірі сурет жасау – Оралханның әдебиет белесінде жеткен шынайы табысы. Оны ешкім де жоққа шығара алмаса керек-ті. Сондықтан, Оралхан Бөкейдің әр шығармасын жеке алып, оның барлығын тілдік тұрғыдан талдаудың берері мол екендігі анық. Осы тұрғыдан алғанда, Оралхан Бөкейдің «Атау кере» шығармасын талдауды негізгі нысана ретінде алып отырмыз. «Атау кере» повесті жазушының дара қаламгерлік шеберлігін, қолтаңбасын танытатын озық шығарма. Ондағы сюжет желісі де негізінен адам мен қоғам болмысына қатысты, екі арадағы байланыс, табиғат мәселесіне арналады. Мұндағы кейіпкерлер жүйесінің әрқайсысында өзіндік ойлау ерекшелігі, өзіндік ойлау стилі бар. Осылардың бәрін Оралхан Бөкей «Атау кереде» жеткізуде халықтық тілдің қазынасынан емін-еркін пайдаланған. Сол себептен, Оралхан Бөкейдің «Атау кересі» тілдік тұрғыдан біршама зерттеу еңбектерге арқау болды. Шығармадағы тілдік құбылыстардың, сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің жеке-жеке зерттелуге тұрарлық дүние екендігін де айта кеткеніміз жөн.....
Өмірі түрен тимеген сайдың қабағына соқаның өткір тісі тірелгенде жер дір-дір етіп ыңырсығандай болды. Бірақ оны ешкім естіген де, елеген де жоқ. Жасына жетпей қарны шеңбірек атып, үрлеген шардай дөңгелене шығып кеткен тапал жігіт, «К-700»-тың гүрілінен асыра айқайлап, тракторшыға:
— Тарт! — деп бұйырды.
«К.-700» гүрілдей берді, жер ыңыранғанын қоймады.
Трактор үшінші айналымға көшкенде, сайдың қабақ тұсынан соқалардың жойқын тісінен найзағайша от жарқылдады: Артынша «К-700»-тың моторы сөніп, үні өшіп қалды. Тракторшы жерге секіріп түсіп, моторға үңілді.
Шетте тұрған қамыс қалпақты, шеңбірек қарын:
— Не болды? — деп зәрлене айқай салды.
Тракторшы үндемеді. «К-700»-тың ішек-қарнын түгел тінтіп шықты. Ешқандай ақау таппады.
— Ей, ақымақ, ана соқаны қара, мүмкін тасқа тіреліп қалған шығар, жаңа от жарқылдады ғой, — деді шеңбірек қарын.
Тракторшы жігіт үндеместен барып, соқаның жарқырауық тістеріне үңіліп көріп, еңкейіп, топырақтың астынан жарты құлаштай жілік сүйектің сынығын алып шықты.
Шеңбірек қарын топырақ жұққан сүйекке қолын тигізбей:
Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.
Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек? Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім.
Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын, енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар армандайды, бірақ жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім. Адам бір нəрсені армандады ма, арманына жетпейінше тынбау əрекет етуі қажет. Ал орындалмайтынына көзін жеткізсе, ол арманынан бас тартқаны жөн. Ал қазір қалай? Армандаймыз, тым көп армандаймыз. Арманда емес, армандағанымызда шек жоқ. Біз тым көп нəрсені армандаймыз, оның орындалуы үшін еш нəрсе істемейміз. Уақыт өте келе басқа нəрсені армандауға көшемізде, ол да бұрынғы армандар сияқты қалып жаңасы пайда бола береді. Сөйтіп көп нəрсені армандап армандарымыздан шатасамыз.
...60-жылдардың басында «Жұлдыздан» батыстық бір дуалы ауыздың айтқанын оқып , қайран қалғаным бар. Онда былай делінген: «Мұхтар Әуезов-қазақ үшін- екінші Абай, біз үшін-Шығыстың Шолоховы»
Мен осыны әлі ұғына алмай келемін. Абайды қозғамайық, Шолохов, сөз жоқ,-әлемдік деңгейдегі ірі талант. Сонда, Әуезов-кім? Ол-әлем әдебиетінен өз орнын ойып алған үлкен тұлға екені өтірік пе?!. Сөйте тұра, ол неге «Шығыстың Шолоховы» ғана??? Мұндағы «біз» кім? Міне, осындай сұрақтарға жауап таба алмай шарасыз күй кешесің. Ал, біз- елтігіш халықпыз. Басқаның аузынан шыққан бір лебізді қағып ап, дәріптей жөнелуге асықпыз. Осыдан кейін-ақ «екінші тұлғалар» жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптады. «Ана ауылдың анасы», «мына ауылдың мынасы» бірді бірге телу үрдіске айналаып жүре берді. Бұдан біздің өңір де шет қалған жоқ. «Алтайдың Біржаны», «Ақ Ертістің Ақаны», «Шығыстың Майрасы» т.с.с. жапсырма атақтар біздің ауданда, облыста талантымен енді жұрт аузына іліге бастаған жастарға ерекше жомарттықпен таратылды. Меніңше бұл-екі жаққа бірдей зиянды бағыт еді:
- Біріншісі: Ұлы тұлғаның атын ұсақтау; Бір мысал: Біржан сал-тарихта қайталанбас бірегей дарын, сол дарынды «Алтайдың, Алатаудың, Қаратаудың, Арқаның,.. Біржаны » -деп бөлшектеу- Ұлыға жасалған қиянат болар?!.
Махаббат абстрактылы, Сондықтан да теориялық жағы дами береді де, нақтылы мәнін жоғалта бермек. Негізінде, сезім дегеніміз адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш. Айнығыш болатын себебі – адамзат өзінің жаратылысынан еш нәрсені қанағат тұтқан емес, арман мен қиял, үміт пен мақсат – осының қай-қайсысы да бір ғана ұмтылыс ұғымымен шектелмейді, тапқан дүниеңнің, шыққан биігіңнің аздығы мен аласалығын айғақтап, үнемі бір тың, басқа, жаңа да жақсы белгісіз бірдеңелерді көксеумен күн кешеді. Әдемілік пен сүйкімділіктің өзі салыстырмалы да шартты, өйткені қандай да бір керемет көркемдік сіздің көзіңізге теңдессіз көрінгенімен, басқаға әншейін жай ғана нәрсе болуы мүмкін. Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның бойындағы сандаған кемшілікті елеп – ескермейміз, яғни сезім алдауына түсеміз. Сөйтіп, үйленеміз. Күн өткен сайын, оған жақындаған сайын бірсін деп сіздің жан дүниеңізге сай келмейтін қайшы қылықтары ашыла бастайды, осыдан айну сезімі пайда бола бастайды немесе өмірде одан да жақсы кісілер барын мойындайсың, жарыңыздың болмысында аз, тіпті жоқ қадір – қасиеттер мен өзгеше ерекшеліктерді өзгенің жарынан байқайсыз, осылайша асылдан да озған асыл, сұлудан да артық сұлу бар екенін түсінесіз. Көңіліміздің көк дөнені бұған дейін шапқылап жүрген шеңберін тастайды да, анау топқа қосылғысы келеді. .....
Ерлі-зайыпты Келлерлер театрдан кеш шықты. Осы бір кеште ауасы күңгірт, бұлыңғыр, сегіз ғасырдан бері бетіне собордың бейнесі түсіп, майда толқындар жүзін өрнектейтін де жататын өзені бар тып-тыныш герман қаласы Вагнер музыкаға мелдектегенше тойған еді. Келлер театрдан шыққаннан кейін әйелін ақ шарабымен аты шыққан, жақсы бір қабаққа алып барды, сонан кейін тек сағат екілерде ғана, ішіндегі жарығы адамға сондай жайсыз тиетін бір автомобильмен, қаңырап жатқан өлі көшелерді қуалап, темір қақпалы еңселі бір жер үйге жетті. Президент Крюгерге қатты ұқсайтын, төртбақ келген қарт неміс Келлер сыртқа бірінші шықты. Шам жарығынан жапырақтардың алашұбар көлеңкелері аяқ астында қозғалып жатыр. Ең алдымен жарық Келлердің аппақ крахмал омырауына түсті, оның соңынан көйлегіндегі асыл тастардың талшықтары жылт-жылт етіп, алдымен толық аяғын созып әйелі де шықты. Ауыз бөлмеде оларды жүгіре басып қарсы алған қызметші әйел, Чорбтың келіп кеткенін жеткізді. Варвара Климовна Келлердің әлі ажарын жоғалтпаған дөңгелек жүзі дір ете түсті де, ішкі толқыныстан қып-қызыл боп кетті:
— Ол сізге, оны ауру деді ме?
Қызметші әйел одан сайын сүйреңдей жөнелді. Келлер қысқа қырқылған ақ шашын сипап тұрды, оның жалпақ, терең әжімді маймыл беті тіпті қартайып салбырап қалды.
— Таң атқанға дейін мен күте алмаймын. Дәл қазір сол жаққа баруымыз керек, — Варвара Николаевна басын шайқап, орыс паригін жауып тұрған жеңіл орамалының ұшын қыса түсті. — Ой, құдайым-ай... Бір ай бойы хат жазбағаны тектен-тек емес қой. .....
Аборальдық (лат. ab -дан, -ден, -нан, -нен; лат. or — ауыз) — адам мен жануарлардың бас аумағында қолданылатын халықаралық морфологиялық термин. Термин "ауыздан артқа немесе кері қарай" деген магына береді.