Қасиетті Рамазан айының басталуына бір ай уақыт қалды. Еліміздің мұсылмандары да осы айда ауыз бекітіп, құдайға құлшылық етеді. Осы ретте «Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?» деген оқырмандардың сауалына дінтанушы жауап берді деп жазады baq.kz.
Оразақын Асқар (16.05.1935, ҚХР, Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы — 24.01.2019, Алматы) — ақын.
Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде дүниеге келген. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.
1955 жылы ата-мекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп шығады. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген.
Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.
«Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай, «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі елу томдығын шығару жұмысына атсалысты.....
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген. 1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді. 1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген. 1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды. 1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді. 1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды). 1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары. 1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды. 2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды. Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады.....
Хадис шәрифте былай делінген: «Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу та’ала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық.....
Рамазан айы келісімен көбіміз ауызашар беруге асығамыз. Бұған байланысты кейбіреулер оразаны міндетті түрде беру керек пе, жағдайым келмей жатса ше, дастарханның ағыл-тегіл болуы міндетті ме деген сынды сұрақтар қойып жатады.
Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай.......
1. Ұмытып кетіп, ішіп-жеп қою (бірақ, аузың берік екені есіңе түскен бойда тоқтату қажет!) 2. Құлаққа тамшы тамызу (немесе шомылу кезінде құлаққа судың кіруі) 3. Көзге арналған тамшы немесе контакт линзасы 4. Никотинді пластырь, крем, дезодорант.....
Айттарыңыз қабыл болсын, Бар жақсылық тамылжысын. Ұлы Алла жарылқасын, Жақсы етсін қарымтасын. Жақсы тілеу үзілмесін, Жемісі мол күзін берсін. Есіктерің ашық болсын, Ыдыстарың асып....
Он екі айдың ішіндегі қасиетті де құрметті төртеудің бірі – ережеп айы. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шағбан айы егінді суғару, ал рамазан болса, жемісті жинау айы». Аллаға шүкір, қасиетті үш айдың бірі саналатын Ережепке аман-есен жеткізді. Бұл айда әрбіріміз ғибадатты күшейтіп, Жаратушымызды ұлықтап, пәктеуді бұрынғыдан да арттыруымыз қажет.
«Ережеп» сөзі араб тілінен ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайды, тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол....