Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.....
Аралбай Оңғарбекұлы (1854, қазіргі Маңғыстау облысы, Қарақұм ауылы – 1914, сонда) – ақын. Мұсылманша білім алған, шығыс әдебиеті нұсқаларымен жақсы таныс болған. Жас кезінен темірші-ұсталық, етікшілік, аңшылық, балықшылық сияқты кәсіптермен айналысады, тас қашап, зират ескерткіштерін жасаған. Аралбайдың қолынан шыққан сәулетті ескерткіштердің үздігі – Қарашүңгіл зиратындағы Бырттың мазары.
Өмірбаяны Аралбай қазіргі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы аймағындағы Қарақұм өңірінде дүниеге келіп, Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы Айрақты, Қарнау және Қаракұм деген жерлерде ғұмыр кешкен. Бейіті Қарақұм өңіріңдегі Қарашүңгіл қорымында. Аралбай Адайдың Келімберді – Мұңал – Жаулы – Жары – Жетімек деген әулеттерінен шыққан. Жетімектің Ырсалы деген бөлімінен.
Аралбай Айрақты маңында Каспийден балық аулап күнелткен қайықшы кедей адам болған. Аралбай балық аулаудан басқа там салумен, етік тігумен, күміс соғумен, жыр айтумен айналысқан – сегіз қырлы шебер, өнерлі адам болған. Ол Қарашүңгіл зиратындағы Бырт байдың құлпытасын шапқан бас шебер.....
Тауман Алыбайұлы Төреханов-қазақтың белгілі журналисі, жазушысы, редакторы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері, Шалқар қаласының және Шалқар ауданының Құрметті Азаматы. Өмірбаяны Тауман Төреханов 1931 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары (1941-1945) Тауман Төреханов тылда жұмыс істеген. Соғыстан кейін, 1947-1949 жылдары Шалқар қалалық Совет атқару комитетінде іс жүргізуші болып қызмет атқарған. 1949-1950 жылдары Шалқар аудандында шығатын «Социализм туы» газетінде аға әдеби қызметкер болған. 1950-1955 жылдары Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқып, үздік бағамен бітірген. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетін бітіргеннен кейін Тауман Төреханов А.А. Жданов атындағы Ленинград университетіне аспирантураға жолдама алады.....
Рүстемов Мұхамеджан -1932 жылы 15 мамырда Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы қазіргі Нартай ауылында туған. Өміржолы 1950 жылы Шиелі қыстағындағы XIV жылдық Октябрь атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы қазан айында Түркістан облысы Сарыағаш аудандақ комсомол комитетінде мектеп оқушылары және пионер ұйымы бөлімі меңгерушісі қызметін бастаған. 1951 жылы маусымда сол комсомол комитетінде екінші хатшы болып сайланады. 1952 жылдың тамыз айынан 1953 жылдың тамызына дейін ол Ташкент қаласындағы №9 Өзбек қыздары орта мектебіндегі 11-педагогикалық класты бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс беретін мұғалім болып шығып, Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратас (Қазіргі Қазығұрт) ауданына келіп, «Жігерген» елді мекеніндегі Молотов атындағы орталау мектепке жолдама алады. Cол жылы қарашада аудандық комсомол комитетіне хатшы болып сайланды.....
Ахат Имантайұлы Жақсыбаев (5 шілдеде 1940 жылы туған, Павлодар қаласы) — жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Өмірбаяны 1940 жылы 5 шілдеде Павлодар қаласында туған. Орта мектепті бітірген соң 1958 — 1960 жылдары Екібастұз қаласында дренажды шахтада жұмыс істеді. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін филология факультетінің журналистика бөлімін бітірді. 1965 — 1967 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1972 — 1992 жылдары “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы, 1993 — 1997 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1998 — 2000 жылдары “Ақиқат” журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан “Жас өркен” балалар басылымдары акционерлік қоғамының президенті. 2005 жылдың шілде айында «Жас өркен» ашық акционерлік қоғамы «Жас өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта қүрылуына байланысты «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды.....
Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. Еңбек жолы Арғын тайпасы Қуандық руының байдалы бөлімінен шыққан. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор, 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы, 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, Шығармашылығы І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.....
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. Өмірбаяны 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып,....
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.
Өмірбаяны Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
Шығармасы Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.....
Ілияс Омаров (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист.
Өмірбаяны Орта Азия жоспарлау экономикалық және сауда-тауар ісі институтын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 1936 жылдары Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 1945 жылы Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен республикалық ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 1947 жылы Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 1952 жылы Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы......
Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері.
1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.
Еңбектері мен шығармалары Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі.....