Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурыз)

Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған) - театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1997 жылдан).
Ерлан Малаев 1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Театр және кино актері» бөлімін бітірген.
1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Рысқали Рысқалиұлы (1982 жылы 15 қыркүйек)

Ерлан Рысқалиұлы Рысқали (1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданыда туған) — қазақтың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.
Ерлан Рысқалиұлы 1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1995 - 2001 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.
2001 - 2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында оқып бітірген.
2005 - 2007 жылдары Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қазақ ССРнің халық артисі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сая Оразғалиева Магзумбекқызы (1988 жылы 7 сәуір)

Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші.
1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген.
Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012).
«Shine» тобының вокалисті (2010-2012).
Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды.
Кинодағы рөлдері:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұрат Бисенбин (1972 жылы 11 қазан)

Мұрат Бисенбин - актер.
1972 жылы 11-қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Политехникалық институтын «ауыл шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша бітірген.
«Рэкетир» фильміне түскеннен кеін Мұрат танымал бола бастады. Ол «Махамбеттің қылышы», «Гүлстан» фильмдерінде және «Әркім Голгофқа шыға алады» хикаясында ойнаған. Бисенбин қарапайым, денелі кинокейіпкер ғана емес. Ол – адал жар, үш баланың үлгілі әкесі, «Хабар» телеарнасында бағдарлама жүргізеді және өзін суретші ретінде танытуды мақсат тұтып жүрген азамат.
Кинодағы рөлдері:
2015 Бүкіл әлем аяғымыздың астында / Весь мир у наших ног (Қазақстан, АҚШ) - Куб – басты рөл
2013 Тұман (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
2012 Панчбот (қ/м)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы (1958 жылы 4 маусым)

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996).
Өмірбаяны
1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген.
Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы (1976 жылы 14 маусым)

Нұркен Әшімханұлы Өтеуілов (1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — кино және театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан).
Нұркен Әшімханұлы 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында дүниеге келген.
Ұлты - Қазақ.
Әкесі - Өтеуілов Әшімхан, ауыл шаруашылығында механик болып жұмыс істеген.
Анасы - Уәлибаева Жәмилә, Тұрмыс қажетін өтеу үйінде тігінші болып жұмыс істеген.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Есен Елеукен (1973 жылы 5 желтоқсан)

Есен Елукен (1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. Құрмет орденінің иегері (2016).
Есентүгел Баймұханбетұлы 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын
1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған.
1991 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрлан Абдуллин Мұханұлы (1964 жылы 6 қыркүйек)

Нұрлан Мұханұлы Абдуллин (1964 жылы 6 қыркүйекте Алматыда туған) — қазақ эстрадасының әншісі. Мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстанның Құрметті Құрлысшысы (2010).
Нұрлан Мұханұлы 1964 жылы Алматыда дүниеге келген.
Әкесі - Мұхан Абдуллаұлы (мұғалім, мектеп директоры)
Анасы - Гүлжиян Қайруллақызы (балалар үйінің меңгерушісі)
1991 жылы Сәулет және құрылыс институтының құрлысшы мамандығы бойынша бітірген.
2005 - 2010 жылдары Тұран университетінің құқықтану мамандығы бойынша экономист бітірген.
2011 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болды.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бейсен Құранбек (1971 - 2020)

Бейсен Құранбек (9 желтоқсан, 1971 жыл, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауылы), тележүргізуші
Өмірбаяны
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған.
Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұртілеу Иманғалиев Иманғалиұлы (1952 жылы)

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы, Қалиасқар, бес жасында сауатын ашқан. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы».
Білімі
1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген
Қызметтік өтілі
Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қ күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған. Н.Иманғалиұлы тележурналистикадан айнымаған тұлға. Ғұмырының 35 жылын телевизияға арнаған.
Жүргізген хабарлары ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық