Әкеден бала жас қалды-ау! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әкеден бала жас қалды-ау,
Ақылдан бәрі бос қалды-ау.
Бісміллә деп бастайын,
Көңілді жаспен басайын.
Иманды болғыр, сабазым,
Зарымды айтып сарнайын.
Сабазым еді ақ маңдай,
Жоқтаушы енді жез таңдай.
Ұжымақтан болсын орныңыз,
Шариғат жолы айтқандай.
Кесте тіктім ершімдеп,
Ою салдым өрнектеп.
Алладан ажал келді ме,
«Орта жаста алсын» деп.....
Өлеңдер
Толық