КІРІСПЕ Қылмыстық жазаның қылмыстылықпен күресудегі ролімен байланысты мәселелерді түсіну мен шешудің жаңа жолдарын іздестіру өзекті болып табылады. Яғни осы мәселе аса өзекті болып тұр. Жаза туралы ілімде түсініксіз әрі даулы жақтар өте көп.ҚР Конституциясы конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, денсаулықты, өзге тұлғалардың құқытары мен міндеттерін, ел қоорғанысын қамтамасыз және мемлекет қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтардын қорғау қажеттілігімен негізделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіндігін қарастырады.[1] Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза қылмыстық кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз оқылмыстық кодекстiң 55-бабында белгiленедi.....
Кіріспе Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешіді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағыдалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымынң нысанына, айрықшы ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге , оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды. ....
Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
"Ұшты-ұшты" — ұлттық ойын. Ойынды үй ішінде де, сыртта да ойнауға болады.
Ойынға қатынасушылар орталарынан ойынды басқарушы сайлап алады. Ойын бастаушы ойынға қатынасушыларды столды айналдыра отырғызады немесе шеңбер құрғызып дөңгелене тұрғызады да, ойнаушылардан оң жақ сұқ қолын столдың үстіне тигізе көтеріп, «ұшты-ұшты» деп отыруларын сұрайды, өзі де солай істеп көрсетеді. Бұдан кейін ол:
— Мен ұша алатын затты атап, «ұшты» деп қолымды көтергенде, бәрің де тез қолдарыңды көтеріп, алақандарыңды жазып, «ұшты-ұшты» деп қалықтатып тұрасыңдар. Бұл «ұшқандарың»: «Мысалы, «қаз ұшты» десем, сендер де «ұшыңдар».
Енді мен әдейі өздеріңді жаңылдыру үшін әлгі затпен аты ұйқас тағы бір ұша алмайтын нәрсені атап, «ұшты» деп қолымды көтерсем, онда сендер ұшпайсыңдар. Мысалы, «қаз ұшты». Бұл жағдайда ұшпайсыңдар.
Ұша алатын затты атағанда ұшпай қалған, сол сияқты ұша алмайтын затты атағанда «ұшып кеткен» ойнаушы ұпай тартады,— деп түсіндіреді.
Бұдан кейін ұпайдың шарты туралы келісіп алады. Мысалы, бір ұпай 2 ауыз ән салу, не 3 жұмбақ шешу, не 3 жаңылтпаш айту немесе өз көлеңкесімен сөйлесу, көзін байлатып ортаға шығып, «Соқыр теке» болу, т. б. ұпай көбейген сайын бұл сияқты шарттар да көбейе береді. Ойын басталады .....
Үш орындық ойыны клубтарда, коридорларда, кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі.
Ойынға қатынасушылардың жылдамдығы, жеңіске деген ұмтылысы артып, ерік, қайраттары шыңдала түседі......
Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.
Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:
Үй артында қол ағаш, Желбау тартам, есік аш.
Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:
Үй артында қол ағаш, Жел кірмесін, есік бас,
— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:
Үй артында қол ағаш, Желбау тартам, есік аш, .....
Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.
Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.
Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені.
Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.
Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс .....