Президент, елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев туралы тақпақтар

 Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Ол да аямай жанды салды,
Жету үшін мұндай сыйға,
Нұрсұлтан Назарбаев Ел басшысы
Көгіңдегі тудай сыйла.


Бағыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам
Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған
Қамқоршы басшы ағаларым аманда
Мен қашанда құлпырамын, нұрланам.

Тақпақтар
Толық

1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.

Мазмұны Қазақстан тарихы пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақстан тарихы пәнінен қазақша реферат
1 Өмірбаяны
1.1 Отбасы және балалық шағы
1.2 Қызмет жолы
1.3 Кітаптары
1.4 Дәйексөздері
2 Нұрсұлтан Назарбаев атында
3 Реформалары
4 Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
5 Басқа лауазымдары мен мансаптары
6 Отбасылық жағдайы
7 Дереккөздер
Рефераттар
Толық

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан....
Шығармалар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Қазақстан және Елбасы)

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін....
Шығармалар
Толық

Ел және Елбасы

 Сенім де талай түсті-аусергелдеуге
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім» деп шырқаған өзіңізді
Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге.
Жадыра Дәрменбаев
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге.
Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......

Шығармалар
Толық

Саясат | Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессионалды саясаты

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың рухани, мәдени құндылықтарын сақтауға ерекше назар аударылды. Әр ұлт әлемдік өркениеттің қазынасына өз үлесіне қосты. Өйткені ұлттың байлығы оның санымен өлшеуге болмайды. Қазақстан осы әлеуетті сақтауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан тек полиэтникалық емес көп конфессиялы мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессяның өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60 – тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар провославия, протестант, буддизм, котолик, т. б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық - саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор, өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау, басқаша айтқанда, жаратушының бар екеніне сенетін барша Қазақстандықтар бірдей дәрежеде төзімді, бейбітшіліксүйгіш және ізгі ниетті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына біздің қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз осы......
Ғылыми жобалар
Толық